Ер жігіт сүйіктісінің орнына тест тапсыру үшін қыз болып киініп алған
2015 ж. 03 маусым
4669
3
Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласыда ер жігіт сүйікті қызы үшін сынақ тапсырмақ болды.
Жақсы көретін қызының орнына тест тапсырмақшы болған жігітті бақылаушылар байқап қойған. Бұл жөнінде Facebook әлеуметтік желісінің қолданушылары жарыса талқылап жатыр. Жігіт қыз бала секілді киініп алған. Баян Уксикбаева деген әлеуметтік желі қолданушысы осы ақпаратты тарату кезінде «Тіпті жігіт қызға ұқсау үшін аяғының жүнін қырыпты. Енді оны қатты жазаламаса екен» деп тілепті. Infomburo.kz хабарлауынша, Мақтарал ауданының прокуроры Нұржан Боранбаев 1998 жылы туылған сүйіктісі жасөспірімнің осындай қадамға барғанын растады. Ол қызға ұқсау үшін шашына парик киіп, қасы мен көзін бояп алған. Бір қызығы, сүйіктісі үшін өзге облыстан келіп, тест тапсырмақ болған жігітті бақылаушылар дереу байқап қойыпты. Дереккөз: Nur.kz