ҰБТ-ның алғашқы күні қалай өтті? (фото)

 Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні Алматы оқушылары да сынақ тапсырды. Алғашқы лекпен тест сұрақтарына жауап бергендердің арасында көңілді шыққандары да, сондай-ақ, кейбір сұрақтарға күмән келтіргендер де кездесті.

21 Ал ата-аналар балаларын бұдан былай ғимараттың тура алдында күтпейді. Арнайы ғаламтор орталығында отырып монитор арқылы бақылай алады. 4 Ұлттық университеттің ғимаратына бүгін 400-ден аса оқушы 11 жыл алған білімін сынауға келді.Тіпті оқу орнының алдына жедел жәрдем мен өрт сөндіру көлігі, психолог мамандары арнайы шақыртылған. 3 Бостандық ауданы ҰБТ орталығы №706 филиалының жетекшісі Жандос Құмғанбаев тестілеу кезінде балаларын тосқан ата-аналарға жағдай жасалғанын айтады. 19 “Университеттің алдында ата-аналар шу болмас үшін біз тағы да Ұлттық университетімізге интернет залға 300 компьютер қойып, сол жерден бақылап отыруға жағдай жасадық”, – дейді Құмғанбаев. 6 Оқушылардың тест тапсырып отырған аудиторияларындағы бейне бақылау мына мониторларға жалғасқан. 1 Балаларын бақылап отырған ата-аналар “жаңа жүйе көңілден шықты” дейді. 5 Оқушылардың туыстары осылайша екі жарым сағат экранға тапжылмай қарап отырды. Ал 12-ден өте шыға бастаған түлектердің бірі қуаныштан секіріп жатса, кейбірі сынақта түсініксіз сұрақтардың болғанын айтты. 7 Білім министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, ҰБТ 2 маусымнан 8-не дейін жалғасады. Тестке 87 782 түлек қатысатын болады. Олардың ішінде – 62 384 түлек қаза тілінде, 25398 түлек орыс тілінде тапсырады. 8 ҰБТ барлығы 165 мекемеде өтеді.  Емтихан аудиторияларының саны – 1079. 9 10 11 13 14 15 17 16 18 20 22 23

Дереккөз: Nur.kz