Шәмші Қалдаяқовтың атындағы көше әкімнің әкесінің атына өзгертілмек
2015 ж. 02 маусым
2200
0
ОҚО-да даңқты композитор, Қазақстан Әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың атындағы көше атауы басқаша болып өзгермек.

Мен Шәмшіні білемін, ал Жұпарбек деген адам туралы мүлде естімеппін де. Президенттің өзі біреудің көкесінің атын көшеге беруді тоқтатыңдар деді.Осыдан соң, Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округіндегі іс басқарушы Ғазиз Маирихов бұл хабарды растады. «Жұпарбек Үмбет – бұрынғы әкім Жаппарбек Үмбеттің әкесі. Сол кісі Қалдаяқов көшесін әкесінің атына өзгерту туралы бірнеше рет ұсыныс берді. Енді біз оны тұрғындардың талқысына салуға міндеттіміз. Шәмші Қалдаяқовты білеміз, Әнұранның авторы, сазгер. Ал Жұпарбек Үмбет – соғыс ардагері. Не болатынын енді тұрғындар шешеді», – дейді іс басқарушы. Аудан әкімінің орынбасары Құдірет Қыстаубаев та бұл оқиғадан хабардар болып шықты. «Бұл мәселеден аз-кем хабарым бар. Жұпарбек Үмбет соғыс ардагері болғандықтан ұрпақтары көшеге атын бергісі келетін шығар. Оны тұрғындар шешеді. Бірақ тұрғындардың тоқсан пайызы Жаппарбек Үмбеттің туысқаны, ағайын-жекжаттары болып шығатынын да ескеру керек», – деді әкімнің орынбасары. Шәмші Қалдаяқов атындағы көшеге Жұпарбек Үмбеттің есімін беру мәселесі әзірге толық шешілген жоқ. Дегенмен, тұрғындар көше атауын өзгертуге қарсы болып отыр.
Заметили ошибку на сайте? Нажмите Ctrl+Enter
Дереккөз: Nur.kz