ЕАЭО ортақ валютасын құру немесе қазаққа рубльдің не қажеті бар?!.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) валюта одағын құруды талқылауды ұсынды, деп хабарлайды ТАСС-ға сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары.

«Негізгі назар тауарлар, қызметтер мен капиталдың, жұмыс күшінің еркін қозғалысына тосқауыл болатын кедергілерді жоюға шоғырлануы тиіс. Бұл кедергілердің бір бөлігін біз қазірді уақытта алып тастадық. Бірақ, қазір жұмыс істеуіміз қажетті проблемалар да бар», – деді Медведев.

Сондай-ақ, Ресей үкіметінің төрағасы мұндай жайт қуатты интеграциялар арасында болып тұрады әрі ондай кедергілер жылдан жылға азайып келе жатқанын айтты деп хабарлады Қазақпарат.

Сонымен қатар ол болашақта валюталық одақ құру мүмкіншілігін қарастыру қажеттігіне назар аударды.

«Біз бұл мәселені басқа әріптестерімізден бірлесіп қарауға дайынбыз. Қалай десек те, бұл бағдарды соңғы нәтижеде назардан тыс қалдырмауымыз керек. Бұл оның ең бірінші кезектегі мақсат дегенді білдірмейді. Дегенмен, оны есте ұстау қажет», – деді Медведев Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында.

Осыған дейін Қазақстан президенті Ресейлік тілшіге берген сұхбатында Азияда ортақ валюта құрылуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Еске салсақ, бүгін 29 мамырда Бурабайда ТМД-ға кіретін елдердің басшыларымен кездесу өтті. Кездесу барысында бірнеше құжаттарға қол қойылды. Сондай-ақ, Назарбаев Ресей үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесіп, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де қозғаған еді.

Дереккөз: Nur.kz