ҰБТ басталмай жатып ұлтымыз шулап жатыр
2015 ж. 30 мамыр
1998
0
Ата-аналардың ақшасы Білім және ғылым министрлігінің бақылаушыларына беріледі деген желеу сөзбен жиналып жатқан көрінеді.
«Осыған орай, осы жасалып жатқан іс заңсыз іс-әрекет екендігін, осы әрекет қылмыстық сот іс жүргізетін мәселе екенін ескертеді», – деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі.
Осы қылмыстық схемаға қатысушылар пара алған адамдар ретінде ғана емес, пара берген адам ретінде де ұсталуы мүмкін. Алаяқтар ата-аналардың атынан ақша алып, қолма-қол ақшаны сыйақы ретіне бергені үшін пара беруші болып саналады.
Заңсыз ақша жинау фактілері белгілі болған жағдайда, ондай фактілерді жою үшін тиісті іс-шаралар қолға алынады. Тіпті, жаза Республикасы Қылмыстық кодексімен қарастырылады.
Сондықтан, Білім және ғылым министрлігі барша мүдделі тараптарға заңсыз қаражат жинаған жағдайды көрген бойда құқық қорғау органдары мен министрлікке хабарлауларын сұрайды.
Дереккөз: BNews. Бизнес сейчас