
Шүкеновпен гастрольдер барысында жақын достасқан Медведеваның айтуынша, әнші әйелі Екатеринаны гастрольдерінің біріне алып барған деп жазады
Экспресс-газета.
“Екатерина – еуропалық әйел. Рига тумасы. Ол Батырханмен оның концертіне көрермен ретінде келгенде танысып, екеуінің арасында жылы қарым-қатынастар пайда болды”, – деді Медведева.
2000 жылы Шүкенов басынан қиын жағдайды өткерді. Әйелі дүниеге әкелген әншінің ұлы 40 күннен кейін көз жұмды.
“Бәрі жақсы болып келе жатқан еді. Бірақ аяқасты Екатерина ұлдарының жансақтау бөліміне түскенін айтып, хабарласты. Бірнеше күннен соң сәби көз жұмды”, – дейді Алла Медведева.
Кей ақпарат көздерінде сәбидің шетінеуіне ішкі инфекцияның себеп болғаны айтылады.
Көпшілік Батырхан ұлының қазасын көтере алмай, топтан кеткенін айтуда. Әнші қайғыға батқан әйелін үйінде жалғыз қалдырып жүре алмады. Дегенмен Алла Пугачева әншінің сахнаға қайта оралуына септігін тигізген. Пугачева Шүкеновті сол кездері данышпан жігіт атаған.

“Батырхан мен Екатерина екінші бала туралы ойлана бастады. 2002 жылы екеуінің Мақсұт есімді ұлдары дүниеге келді. Тұңғыш балаларынан айырылуы екеуінің арасын суытып жіберген болар. Екеуі айқай-шусыз ажырасты”, – дейді Медведева.
Алланың айтуынша, Екатерина алдымен Балтық маңына оралып, кейін ұлымен АҚШ-қа көшкен. Сол жерде зергерлік бизнес ашқан.
“Біз Батырханмен ол жаққа қонаққа ұшып баратынбыз. Ол барған сайын бала сияқты мәз болатын”, – дейді Медведева.
2008 жылы 46 жастағы әнші екінші рет үйленеді. 30 жастағы Айгүлмен Шүкенов Петербургте танысқан. Той Шүкеновтің туған жері Қызылордада өтті. Алайда бұл неке де сәтсіз аяқталды.
Алланың айтуынша, Батырханның қазасы ұлына ауыр тиді.
“Екеуі қатты жақын болатын. Осы жазда Батырхан өз ұлымен талай жерді шарлауды жоспарлап отырған еді. Ұлын Мәскеу мен Алматыға, Юрмалаға алып бармақшы болды. Алайда тағдырлың жазуымен баласы Қазақстанға уақытынан ерте, әкесін ақтық сапарға шығарып салуға келді…”, — деп күрсінді Медведева.
Марқұм Батырхан Шүкенов мамырдың 18-і күні 53 жасқа толатын еді. Әнші жүрек талмасынан 28 сәуірде Мәскеуде қайтыс болды.