2020 жылға қарай Қазақстанда 7 мың шақырым жол ақылы болмақ

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ермек Қизатов  2022 жылға қарай Қазақстанда 7 мың шақырым жол ақылы болатындығын мәлімдеді.

жолдар - 01 - 2022 жылға қарай республикалық жолдардың 7 мың шақырымына ақылы жүйе енгізілетін болады. Ал ондай жүйе, тек, қайта жаңартудан өткен немесе жаңадан салынған жолдарға ғана болады, – деді Ермек Әнуарбекұлы. Сонымен қатар, ол жол бойындағы қызмет көрсету орындары туралы да жоспар-жобалармен бөлісті. - Биыл 27 қызмет көрсету нысанының құрылысын бастау жоспарланған. Олар: кемпингтер, техникалық қызмет көрсету орындары мен жылы бокстар секілді қосымша қажеттіліктер, – деді. Осылайша, «ҚазАвтоЖол» басшысы өз баяндамасында мемлекет басшысының жолдауында жүктелген міндеттер автожол саласында толығымен жүзеге асырылып, жолдауда көрсетілген бағыттар бойынша автожолдар салынып жатқанын баса айтты. Қазіргі уақытта барлық жобаларға үкімет және ұлттық қор тарапынан қаржылай қолдау көрсетіліп, Халықаралық қаржы институттары қаржы бөле бастаған. Сол себепті де қолға алынған әр жоба өз уақытында аяқталады деп сендірді Ермек Әнуарбекұлы.