Бас прокуратура алимент төлеуден қашқандардың суретін интернетке салып жатыр
2015 ж. 29 сәуір
2243
3
Елімізде ұл-қызына алимент төлеуден қашып жүргендерге интернет арқылы іздеу жарияланды. Бас прокуратура баласын безгендердің суретін ғаламторға салып жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.
Дәлірек айтқанда, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитеттің сайтында берешек азаматтардың суреті самсап тұр.
«Балалары іздеу салады» деген парақшадан орын тапқандардың жас шамалары 24-50 аралығында. Бір қызығы баласына алимент төлеуден жалтарып жүргендерің арасында үш келіншек бар.
Әзірше, интернетке 50 адамның суреті салынған. Бұл сан толыға бермек. Борышкерлердің тізімін Бас прокуратураға көші-қон полициясы береді екен. Ол кейін Әділет министрлігінің базасындағы ақпаратпен салыстырылып, сайтқа жүктеледі.
Осылайша, тасжүрек әке мен мейірімсіз әйелдермен күресіп шаршаған құзырлы органдар оларды ел алдында ұялтпақ ойда.
Дереккөз: КТК арнасы