Алматыда Данияр Кесікбаев пен Нуриана Наджаваның үйлену тойы өтті (фото)
2015 ж. 19 сәуір
2800
0
19 сәуір
Алматыда Данияр Кесікбаев пен Малайзияның премьер-министрінің қызы Нуриана Наджаваның үйлену тойларының ресми салтанаты болды деп хабарлайды Kapital.kz.
Мереке қазақтың салты беташармен ашылған. Күйеу жігіт пен қалыңдықты құттықтау үшін тойға Малайзияның премьер-министрі, туысқандары және достары келген. Тойға шақырылған қонақтардың арасында президент Нұрсұлтан Назарбаев, премьер-министр Кәрім Мәсімов, Алматы әкімі Ахметжан Есімов, кәсіпкер Кеңес Рәкішев және “Атамекен” корпорациясының төрағасы Тимур Құлыбаев, бар. Сонымен қатар салтанатты кешке қазақстандық БАҚ өкілдері мен болгерлер де қатысты. Еске сала кетсек, 20 наурыз күні Данияр Кесікбаев Малайзияның премьер-министрі Наджиб Разаканың қызы Нуриана Наджаваға үйленген болатын. Салтанатты мерекенің бастауы Куала-Лумпурда өткен еді. Күйеу жігіт пен қалыңдық АҚШ-та оқып жүргенде танысқан. Данияр – Колумбия университетінде білім алған, ал Нуриана Вашингтонда Джорджтаун университетін тәмамдаған.Дереккөз: Nur.kz