Жерорта теңізінде кеме апатынан 400 адам қаза тапты

Жерорта теңізінде Ливиядан Италияға бет алған кеме апатқа ұшырап, 400 адам қаза тапты. Бұл туралы Lenta.ru-ге сілтеме жасап 24.kzхабарлайды.

Тірі қалғандар басқа кемеге отырғызылып, итальяндық портқа жеткізілді. Олардың айтуынша, қаза тапқандардың көбі жастар болған. Бортта барлығы 550 адам мигрант болған. Кеме теңізге шыққаннан соң бір тәуліктен кейін аударылған. 2014 жылы Жерорта теңізінде Еуропа жағалауларын жетпек болған 3000-нан аса мигрант көз жұмды. Ал 2000 жылдан бастап Жерорта теңізінде барлығы 22 мыңнан астам қашқын көз жұмған.