Астанада элиталық үйде тұтанған өртті сөндіруге Божконың өзі келді

Астананың қақ ортасында байлар тұратын ең қымбат элиталық тұрғын үй өртке оранды деп хабарлайды КТК арнасы.

Photo: Астанада элиталық үйде тұтанған өртті сөндіруге Божконың өзі келді Тілсіз жау көпқабатты баспананың шатырынан басталып, жоғары қабаттағы балкондарды шарпыған. Кейін жанған шатыр жартылай опырылып түсті. Жанып жатқан үйге бірнеше техника мен өрт сөндірушілер жедел жетті. Алайда сәт санап өрши түскен қызыл жалынды бірден ауыздықтау оңайға соққан жоқ. “101” қызметінің отпен сағаттап алысуына тура келді. Тіпті оқиға орнына еліміздің бас құтқарушысының өзі дереу жетті. Ішкі істер вице-министрі Владимир Божко қайта-қайта қоңырау шалып, қатты қобалжып жүр. Ал тұрғындар болса, түгел далаға шығарылған. Әзірге оттың неден тұтанғаны мен келген шығынның көлемі белгісіз.