Ұлтараздықты қоздырған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты

Алматының Алатау аудандық соты бүгін “ұлтаралық алауыздықты қоздырды” деп айыпталған Татьяна Шевцова-Валоваға үкім шығарды.

Photo: Алматыда ұлтараздықты қоздырған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты Алатау аудандық сотының үкіміне сай, Татьяна Шевцова-Валова 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Шевцова-Валова 3 жыл бойы сынақ мерзімінде болады. Яғни, оның іс-әрекетін жергілікті полицейлер қатаң бақылап отырады.

Ал айыпталушы болса, соттың бұл үкімімен келіспейтінін айтып, қайта шағымданатынын айтты. Шевцова-Валова жазаны жеңілдету үшін Жоғарғы сотқа дейін арыз жазбақшы. Еске сала кетейік, қылмыстық істі қозғауға Татьяна  Шевцова-Валованың әлеуметтік желідегі жазбалары себеп болған. Жазбаларда “ұлттық ерекшелікке қатысты кемсіту” барын айтқан бірнеше қолданушы билік орындарына шағым түсірген. Қаңтардың 12-сі соттан шыққаннан кейін Шевцова-Валова журналистерге әлеуметтік желілердегі жазбаларды өзі жазбағанын және тағылған айыпты мойындамайтынын айтқан. Ол қазақтарды “малғұнға” теңеп, ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыпталған болатын.