Данияр Кесікбаевтың тойының егжей-тегжейі жарияланды (фото)
2015 ж. 31 наурыз
3132
2
Қазақстандық Данияр Кесікбаев пен Малайзия премьер-министрінің қызы Нуриана Наджвенің тойы туралы тың ақпараттар жария болды.

Тосты тек салтанат аяқталарда қыздың әкесі айтады. Сол себепті, Only you әнін өзінше ерекшелеп орындаған күйеу жігіттің кіші бауыры Ханболат Назарбаев тойдың мәйегі болды.
Екінші той салтанатына Куала-Лумпурдың қарапайым тұрғындары, премьер партиясын қолдаушылар, той иелерінің таныстары жиналды. Тойға кез-келген адам кіре алды. Ешқандай металл іздегіштер мен шақыру билеттері болған жоқ. Тойдың бұлай ашық өтуі қазақстандық журналисті таң қалдырды. “Той соңында қонақтар жас жұбайлар мен олардың ата-аналарымен бірге суретке түсуге мүмкіндік алды. Бірінші тойда классика жанрында симфониялық оркестр өнер көрсетсе, келесі тойда ұлттық әндер айтылды. Екі тойда да “Жар Жар” мен “Қаражорга” айтылды”, – дейді Баженова репортажында. Тойда романтикалық “лавстори” көрсетілді. Аниме жанрында түсірілген Love story-де Нуриананың 21-нші туған күнінде Нью-Йоркте Даниярмен танысқаны, екеуінің Вашингтондағы студенттер кешінде қарым-қатынастарының беки түсуі, Дубайда Кесікбаевтің Нурианаға ұсыныс жасауы және Куала-Лумпур мен Алматыдағы тойлары баяндалды.



Дереккөз: NUR.KZ