Елімізде әскерден қашқандар жаңа заңмен жазаланады

Әскерден қашқандар жаңа заңмен жазаланады! Енді отан алдындағы борышын өтегісі келмейтіндер 3 жылға сотталады немесе 2 миллионға жуық айыппұл төлейді, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Елімізде әскерден қашқандар жаңа заңмен жазаланады Мұндай қатал талап 2 ай бұрын жаңадан қабылданған қылмыстық кодекске енгізіліп отыр. Жаза 1-ші сәуірде басталатын көктемгі шақыртуға келмегендерге қолданылуы мүмкін. Ал биыл ел бойынша, 12 мың жігіт әскерге шақыртылмақ. Оның 4 мыңы қарулы күштер сапына, қалғаны бұрынғы ішкі әскер, қазіргі "Ұлан" гвардиясы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты Шекара қызметіне жіберіледі. Десе де, болашақ сарбаздар алдымен медициналық тексеріс пен психологиялық тесттен өтуі керек. Барлық сыннан сүрінбей өткендер ғана отан алдындағы борышын өтеуге аттанбақ. Қазір жер-жердегі әскери бөлімдерде тіркеуде тұрған 18 бен 27 жас аралығындағы жігіттерге шақырту қағаздары жөнелтілуде.

Источник: КТК арнасы