
Бұл туралыт
Zonakz.net жазды.
"Елдің астанасында әйелдің зорлануы жиі орын алатындығын тағы байқатқан оқиғада жас шетелдік турист Кароль Баг қонақүйінде бейсенбі күні кешкі уақытта үш адамның топтық зорлауына ұшырады. Алдын-ала мәліметтерден әйелдің кеше кешкісін Қазастаннан келгендігі және турстиік агент байланысқа шыққаннан кейін әйелді қонақ үйге жеткізуге такси шақырылғаны анықталды", - деп жазады шетелдік басылым.
Такси жүргізушісі, туристік агент және оның жақын көмекшілерінің бірі әйелді қонақүйде зорлаған.
Бұл әрекеттерінен кейін қылмыскрелер әйелді қорқытып-үркіткен. Оқиғадан кейін өз-өзіне қол жұмсамақшы болған турист таңғы уақытта Sir Ganga Ram Hospital ауруханасына жатқызылды.
Дели полициясы үш айыптыны қамауға алып, тергеу амалдарын жүргізуде”, - делінген репортажда.
Статистикаға сәйкес, Үндістан саяхаттаушы әйелдер үшін ең қауіпті елдердің бірі болып табылады – әр 20 минут сайын мұнда зорлық орын алады, ал зардап шегушілердің көбі шетелдік туристер екендігі мәлім.