МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ЕРЕУІЛ

Маңғыстау облысында "Датоба Констракшн" ЖШС мұнай сервистік компаниясының жұмысшылары жалақының төленбеуі салдарынан ереуілге шықты.

Маңғыстау облысында жалақсы төленбеген жұмысшылар ереуілге шықты Maersk Oil мұнай компаниясымен келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін мұнай сервистік компаниясының жұмысшылары осымен үшінші күн жұмысқа шықпай отыр. Жұмыскерлердің айтуынша, соңғы рет оларға еңбекақы ағымдағы жылдың қаңтарында төленген, оның өзі де тек 50%-ға. Сол кезден бері төлемдер бола қоймады, кен орнындағы жұмыстар жүріп жатса да. Компания барлығы 56 млн қарыз. Бұл 146 жұмысшы мен жұмыстан қуылған 40 қызметшінің 1,5 айлық жалақысы. Сонымен қатар, "Датоба Констракшн" ЖШС компаниясы басшылығының айтуынша, мәселе тапсырыс берушінің компания ұсынатын шоттарды өткен жылдың қазан айынан бері төлемеуі себебінен туындаған. Маңғыстау облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің басшы орынбасары Шыңғыс Дүйсенов хабарлағандай, бұл мәселені шешу үшін амал-шаралар қабылданады. "Қазір біз өңірлік дағдарысқа қарсы штаб отырысына мағлұмат әзірлеп жатырмыз, оны облыс әкімінің бірінші орынбасары басқарады", - деді ол. Штаб құрамына құқық қорғау және басқа да өкілетті органдардың жетекшілері кіреді, олар қарызды жедел арада өтеу жөніндегі шараларды жасап шығармақ.

Источник: КазТАГ