
Блумберг кезекті мақаласында аспан асты елі туристерінің санын келтірді. Агенттік мәліметінше, әлем бойынша саяхат жасайтын қытайлықтардың саны 2019 жылы 174 миллионды құрап, оған жұмсайтын ақшаның жалпы сомасы 264 млрд долларға жетеді.
Өткен жылы Қазақстанға шетелден 14 млн саяхатшы табан тіреген. Олардың ішінде қытайлықтардың саны мыңдап саналады.
Келешекте бұл түбегейлі өзгеруі мүмкін. ЭКСПО-ның ашылуына қарай елімізге 5 миллион Қытай турисі келеді деп күтілуде.