Қостанай облысының әкімі халықтың мұң-мұқтажын елемей ме?!.
2015 ж. 13 наурыз
1869
4
Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов Калачиден көшіп кеткісі келетін оқушы қызға көмектесуден бас тартты.
Еске сала кетейік, ақпан айында ұйқылы ауыл Калачиде оқитын Әйгерім Ысмайылова Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасовтың блогына хат жазып, өз отбасының Қостанайға көшіп келуіне көмектесуін айтқан болатын.
Алайда, облыс әкімі оқушының өтінішін орындаудан бас тартты.
"Сәлеметсіз бе, Әйгерім Аманжолқызы. Бұқаралық ақпарат құралдарынан біз Калачи ауылынлағы белгісіз ұйқы ауруы туралы естіп, біліп жатырмыз. Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мамыр айында "ұйқылы" ауылдан барлық тұрғындардың көшірілетінін айтты", - деп жазады әкім өз хатында.
