Алматыда журналист өз пәтерінде өлтірілді

Кеше өз пәтерінде журналист Илона Екшембееваның жансыз денесі табылды.

Алматыда журналист өз пәтерінде өлтірілді Илона Екшембеева

Журналист азаматтық некедегі жолдасының қолынан қаза тапқан деп хабарлайды Nur.kz. Полиция 40 жасар Екшембееваны өлтірген қылмыскерді анықтады. Бұл туралы Алматы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға жұмыссыз әйел мен оның азаматтық некедегі жолдасы бірге ішімдік қабылдап, арты жанжалға ұласқаннан кейін орын алған. Күдікті – 44 жастағы Алматы тұрғыны. Қазіргі уақытта айыпталушы Ішкі істер департаментінің уақытша изоляторында қамауда отыр. "Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша қылмыстық іс әлі жалғасуда", - дейді полиция. Әйелге пышақпен жарақаттар салынған, деп толықтырды "Экспресс К"газеті. Илона Екшембеева әр жылдары "Литер" газетінде, республикалық теларналардың бірінде, интернет басылымдарда, Алматы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде жұмыс істеген. Журналист бар жоғы 40 жаста еді.

Источник: NUR.KZ