"Жұлдыздар отбасы", "Аңыз Адам" журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай президенттікке өз кандидатурасын ұсынды деп мәлімдеді Орталық сайлау комиссиясы. Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлады.
|
Жарылқап Қалыбай |
Еске сала кетейік, "Аңыз Адам" журналының негізін қалаушы, бас редактор Жарылқап Қалыбай былтыр 9 мамыр қарсаңында аталмыш журналдың бір санын Гитлерге арнағанымен танымал болған. Оның бұл әрекеті қоғамда үлкен дау туғызған болатын.
Өткен жылдың қыркүйегінде Алматы соты Қалыбайға еліміздің ардагерлер ұйымының өкілдеріне моральдық нұқсан келтіргені үшін 100 мың теңге айыппұл төлеуге және көпшіліктен баспасөз конференциясын өткізіп кешірім сұрауды міндеттеген болатын.
Ардагерлердің пікірінше, "Жұлдыздар отбасы – Аңыз адам" журналының сәуірлік санында фашизмді насихаттап, Гитлерді ұлықтайтын материал шыққан.
Сонымен қатар, Жарылқап Қалыбай борт серігін теуіп, басын тағы бір дауға қалдырған болатын. Оқиға 2013 жылы "Скат" әуекомпаниясының ұшағында орын алған. Қалыбай борт серігі қазақша сөйлемегеніне ызаланып, әйелді теуіп жіберген.
Борт серігі Қалыбайдың дөрекілік танытқанын айтып, полицияға шағымданған.