Президенттікке үміткер Уәлихан Қайсаров басқа елдің азаматы болып шықты

9 наурыз, 2015
Рубрика Саясат

Қазақстан президенттігіне өзін-өзі ұсынған Уәлихан Қайсаров өтінішінде басқа мемлекеттің азаматы болып шықты.

Президенттікке үміткер Уәлихан Қайсаров басқа елдің азаматы болып шықты Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен мәлім етті. "Үміткерлердің өз қолдарымен жазған мәліметтерін Орталық сайлау комиссиясы мұқият тексеруде. Мысалы, өз кандидатурасын ұсынған Уәлихан Қайсаров президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге ниет білдіру туралы өтінішінде басқа мемлекеттің азаматтығында тұрғанын өз қолымен көрсеткен", - деді ОСК мүшесі. Ләззат Сүлейменнің атап өтуінше, осыған орай Орталық сайлау комиссиясы еліміздің Ішкі істер министрлігіне аталған деректерді тексеру үшін сұрау салған. "Сонымен қатар осы үміткер мемлекеттік тілде толтырылған өмірбаяндық деректерінде де бірнеше қате жіберген", - деді ол.
Источник: ИА "Казинформ"