“Жұлдызды кандидаттардың” сайлауға қатысқысы келмей қалды

28
1707

\"Жұлдызды кандидаттардың\" сайлауға қатысқысы келмей қалды
Бұған дейін бірнеше саяси доданың көрігін қыздырған үміткерлер ел назарынан шаршадық деп отыр деп хабарлайды КТК арнасы.Әзірше, президент сайлауының уақыты белгіленбесе де, оған кандидат ретінде қазіргі мемлекет басшысы ұсынылуда. Мерзімінен бұрын сайлау өткізуді ең ірі саяси ұйым саналатын «Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы» да бірауыздан қолдады.«Демократиялық күштердің коалициясы» сайлаудың биылдан қалмағаны жөн деп отыр. Құрамына 6 саяси партия мен 18 қоғамдық бірлестік кіретін ұйым басшыларының ортақ ойы осы.«Патиоттар партиясының» төрағасы болса, Қазақстан халқы Ассамблеясының айтқанын қолдап қана қоймай «Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы» да тың ұсыныс жасау керек дейді. Сондықтан, Ғани Қасымов саяси додаға қатысуға лайықты кандидатураны атауды ұмытқан жоқ.«Коалицияның атынан президенттікке бірінші кандидат елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болады деген ұсыныс жасайық. Бүгін коалиция қабылдайтын үндеуде бұл туралы жазылмаған. Сондықтан мұны да ескерген дұрыс», — дейді Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов.

Бірақ, Қасымовтың бұл идеясын коалиция мүшелері қолдай қоймады. Әзірге кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсынысты ғана талқылап жатқандарын ескертті. Сөйтіп, жиналғандар бірауыздан сайлау өтсін деген үндеу жариялады.

«Бұл — еліміз үшін тарихи сәт. Күрделі халықаралық жағдай мен әлемдік экономикадағы ахуалға байланысты аталған мәселелер өткен жылдан қоғамды толғандырып келеді. Көпшілік сайлауды дәл 2015 жылы өткізуді тұрақтылық пен тыныштықтың факторы деп есептейді», — деді Қазақстанның Азаматтық Альянсының жетекшісі Нұрлан Ерімбетов.

Ал, саяси партия төрағаларының өздері сайлауға үміткер ретінде мүлдем қатысқылары келмейді екен. «Ақ жолдың» төрағасы Азат Перуашев өзін президент болуға лайық емеспін десе, екі рет сайлауға түскен Ғани Қасымов үнемі журналистердің назарында болудан шаршапты. Сондықтан таққа таласудан бас тартқан. Ал коммунист Жамбыл Ахметбеков әлі екі ойлы болып отыр.

Осыған қарағанда бұл сайлауда бұрын аты аталмаған, жұртқа бейтаныс жаңа тұлғалардың кандидатурасы пайда болатын сынды. Ал президент сайлауын өткізуді әріқарай парламент талқыламақ. Саяси науқанды құжат жүзінде бекіту қажет болмаса да, бұл тақырып 19-шы ақпанда сенатта қаралады. Жоғарғы палата, Ассамблеяны қолдаса, соңғы сөз Ақорданың еншісінде. Яғни, мерзімінен бұрын сайлау өткізу-өткізбеуді Нұрсұлтан Назарбаев шешетін болады.

Nur.kz

28 ПІКІРЛЕР

  1. Сайлаудың еш қажеті жоқ , себебі оның жауабы бәрімізге мәлім, Сайлауға бостан босқа миллиондаған ақша жұмсағанша оны халық игілігіне жұмсағаны жақсы емес па? Ауыл-ауылдарға арық қазып жол салып берсін оданда.

  2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев тәуелсіз ел мүддесі үшін және оның өркенді жолмен дамуына қажетті деген небір өте ауыр реформаларды тиімді жүргізе білді. Көп жылдарғы еңбегін бағалай білеміз.

  3. Ұзақ жылдар бойы өз жерінде қағажу көрген қазақ ұлтының дамуы мен орыс және басқа да этностық топтардың құқықтарын сақтау саясаты ұлтаралық қарым-қатынастың тепе-теңдігін орнықтырып, ұстап отыра аламын тек Н.Назарбаев, сондықтан сайлауда таңдау кімге түсетіні белгілі.

  4. Билік үшін күрестегі батылдық пен билік басындағы батылдықтың екеуі екі басқа екендігін мәлім, сондықтан нақты жұмыс атқарып, қызымет көрсете алмайтындар кандидат болғанмен, бұл орынға қол жеткізе алмайды.

  5. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің бетбұрысты кезеңдерінде Мемлекет басшысы ретінде, әсіресе, экономикалық және саяси дамудың үлгілерін талдау мәселесіндегі біліксіздікке қатаң қарсы тұра білді. Ал басқа кандидаттардың осылардың бәрін орындай алатынына күмәнім бар.

  6. Дамудың қазақстандық жолын іздестірді, өзіндік бағытты таңдады. Сол қазақстандық даму жолынан өзге даму жолдарының ешқайсысын да, тіпті бірде-бірін жоққа шығарған емес, керісінше, өзге даму жолдарының қажеттісін алып та, пайдалана білді.

  7. Әркім өз орынын білгені дұрыс деп ойлаймын, қанша кандидат болсада, олар Елбасындай жұмыс атқара алмайды, бізді дамудың даңғыл жолымен тек Елбасы ғана жетелей алады.

  8. Сайлауға қатысатын кандидаттарды естілмегеннен есімдерден таңдаған дұрыс. Себебі оларда жаңа идеялар мен ойлар болады.

  9. Бұл азаматтардың қазақ еліне сіңірген еңбегі өлшеусіз. Бұлай мінеп- сынайтындай ештеңе жасаған жоқ бар-жоғы кандидаттақтан бас тартты.

  10. «Жұлдызды кандидаттар» деп бөліп жаруға болмайды. Олар өз уақыттарында не істегісі келетінін халыққа жеткізді. Бірақ халық таңдауы бір ғана президентте екен.

  11. Бұл жолғы сайлауда жаңа есімдер пайда болатын сияқты. Жаңа Ғани Қасымов, Жаңа Мэльс Елеусізовтердің сайлауалды бағдарламаларын бақылайтын боламыз.

  12. Сайлауға қатысқысы келмейтіндерін жасырмапты. Оларға халықтан қолдау жоқ. Себебі халықтың жүрегінде жалғыз президент бар.

  13. недавно наткнулся на новую фишку что помогла мне бросить курить за 2 дня, я был в шоке, потому что перед тем много чего перепробовал и не помогало. Вот кстати чувак пишет об этом в своем блоге — tok.pw/nosmok

  14. Қаншама шығын ақша, сайлауға кетеді,белгілі нәрсеге
    Ауыру жас сәбилерге шығарылса ғой осы шығын АНАларды жылатпай

  15. ПРЕЗИДЕНТ Р.К. — это высокооплачиваемый МЕНЕДЖЕР за деньги налогоплательщика ,который Народ КАЗАХСТАНА выбрал как Президента Р.К. и передает ЕМУ все полномочие по закону на срок 5. лет.

  16. Прочитал все комменты ,по закону вы все не правы. Что бы быт Президентом Р.К. Ему нужны политические противники или и на че выборы будет считаться не законным.Это называется Оппозиция — это и есть противник по политической партий. Вовсе в демократических странах ,куда и Республика .Казахстан входит . А вы все предлагайте одного человека ,тем самым ВЫ все показывайте свои —? У меня Мать плакала 1953 году когда СТАЛИНА не стала ,1982 .году когда БРЕЖНЕВА не стала ,ничего Р.К.процветает еще лучше. ВЫ все со своей предложениями ,ставите Р,К, насмешку ,для обсуждения. Так что ,выборы будет ,кандидаты в Президенты Р.К. будет ,будем ждать результатов выбора. Вот только у Байбарыса комменты по моему нормально. ВЫБОР будет за народом Р.К.

  17. Әлемдегі тұрақсыздыққа қарап отырып, барлығын назарда ұстай отырып, халқымыз өз басшысын әлдеқашан сайлап қойған деп айта аламын. Ол қазіргі Елбасымыз. Алла сол кісіге ұзақ ғұмыр берсін.

  18. Әлемді атышулы дағдарыс қорқытып жатыр. Көрші елдердегі жағдайды көріп отырмыз. Біз Нұрсұлтандай қамқор басшының арқасында аю мен айдаһарға, небір аждаһаларға жегізбей, тұмсықтыға шоқтырмай отыр елімізді. Осы үрдіс жалғасын таба бергей! Ол кісіден асқан бекзат жанды көріп тұрғаным жоқ.

  19. «Ақ жолдың» төрағасы Азат Перуашев өзін президент болуға лайық емеспін десе, екі рет сайлауға түскен Ғани Қасымов үнемі журналистердің назарында болудан шаршапты. Сонда бізге » Ак жол» партиясының керегі НЕ.Неге бүкіл халықты мен партиямын деп әуреге салып жүр » Ак жол » партиясын жауып тасту керек.Бұл жерде БАЙБАРЫС өте дурыс айтқан ,орыс тілінде жазса да красавчик екен.

  20. Бұл кандидаттардан елде шаршады. Қанша сайлауға қатысса да ерекшеліктері жоқ. Бағдарламаларында да артықшылық байқалмады. Өздерінің шамаларын біліп тұр.

  21. Господин Президент Р.К. Нурсултан Абишевич , Я как гражданин Р.К. ВЫ не скажете почему в стране происходит так.День выбора Президента Р.К.НЕ объявлены ,ВЫ свое согласие НЕ дали . Народ знает и пишут в СМИ ,что ВЫ будите Президентом Р.К. а самое главное люди зают сколько ВЫ наберете 97. процентов голосов , Ни кто из звездных претендентов на пост ПРЕЗИДЕНТА уже в этот раз не будет на выборах .Как КАЗАХСТАН идет по пути демократи , вы остановите эту шумиху. Это же просто будет ТЕМОЙ для обсуждения .

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз