Тамара Дүйсенова
"Осы жылы әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды орындауға републикалық бюджеттен 2,4 трлн теңге бөлініп отыр. "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына сай 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшері – 11 182 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшері – 23 692 теңге, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткіш – 1 982 теңгені құраса, базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөріс деңгейiнiң шамасы 21 364 теңге болып белгіленді", - деді министр Дүйсенова.
Сондай-ақ, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақының ең төменгi мөлшерi базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда 34 874 теңгені, ал ең жоғарғы мөлшері базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда 72 129 теңгені құрайды деп атап өтті министр.