Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік шенеуніктерді мемлекеттік қызметті бизнеске айналдырмауға және қазір тергеуде жүрген әкімдер мен меморган басшыларының қателіктерін қайталамауға шақырды.

Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлайды.
"Бүгін, үлкен өкініш пен ренішіме қарай, мен үш облыс әкімінің тергеуде жүргенін айтуға тиіспін. Дәл осы себеп бойынша (бюджет ақшаларын жұмсағаны үшін – ҚазТАГ). Министрліктер мен ведомстволардың бірқатар жетекшілері де қылмыстық жауаптылыққа тартылуда. Сіздердің араларыңызда ешқайсы олардың қатарын толтырғысы келмейді ғой деп үміттенемін", - деді Назарбаев сәрсенбі күні кеңейтілген үкімет отырысында шенеуніктерге жүгініп.
Президент мемқызметкерлер мен ұлттық компания қызметшілерін қарапайымдылық пен үнемшілдіктің жарқын мысалы болуға шақырды.
"Мемқызметкерлердің жұмысы бизнеске, мемлекет ақшаларын фирмаларға, өз таныс-білістеріне, достары мен туыстарына таратуға айналмауы тиіс. Реніш мынада, қаншама жыл адамды әртүрлі лауазымда дайындайсың, шыдайсың, әлпештейсің, өсіресің, ал келгенде... "Команда жинап жатырмыз" дейді. Команда сосын бандыға айналады. Атырау облысындағыдай", - деп наразылығын білдірді мемлекет басшысы.
Ол мемшенеуніктерге қазір олардың әкімшіліктік реформа, мемлекеттік қызмет реформасы жағдайында жасап жатқанын еске салды.
"Онда арнайы тәртіп, резерв бар, тек содан (жұмысқа қабылдаңдар – ҚазТАГ), және әлдебіреуді сырт жақтан әкеліп, оны лауазымға тағайындауға дәттерің бармасын. Заңда қалай жазылған, солай жасаңдар", - деп баса айтты президент.