АТАЛАРЫМ СОПЫ БОЛСА, АРАБТЫҢ «АҚИҚАТЫ» НЕГЕ КЕРЕК?!.

5
2505

aziret sultan

«Ұлтқа қызмет – мінезден» болса, дінге де қызмет – мінезден болуы шарт…

sopylyq   Негізі  сопылықты осы күндері қатты  бөжек қылып көрсетіп жүр баз-біреулер. Өзімнің туған атам, Ақлепестің әкесі Жақау, екінші бабам  Арал, Қамбаш, Ақшатау өңірінде кешегі 20- ғасырдың басында өмір сүрген. Уақытында Пайғамбар жасына келген соң, арнайы там тұрғызып (ол кездері сирек көрініс), сол тамда қылует жасатып, өмірінің соңына дейін сопылықты ұстанған. Қалған өмірін қалың масахана  ішінде  бір Аллаға құлшылықпен өткізген екен. Аталар шежіресінде де Сопы деген есімдері бар бабаларым бар. Ал үлкен шешейлеріміз, яғни әжелеріміз де дәретпен намаздарын қаза қылмаған, сонымен бірге заман ағымымен шаруашылық жасап, елге сыйлы болды. Ағайынның ұйып отырған дәстүрін нық ұстай білді. Ел-жұртпен қатар сонау алмағайып заман туғанда теңізге дейін шығып балық та аулаған, ауыр жұмыстарға қолғабыс етіпті.

Бүгіндері сопылық десе біреулердің төбе шаштары тік тұрып, мұртсыз ешкі сақалдары ербеңдеп,  шабалана кетеді. Бар айтатыны аталарымыздан бастап қателескендігі, соңғы 9-10 ғасыр мүлдем дүбәрә болып, тамыры жоқ надан халықтың күйін кешкендігіміз деп шығады. Дәлелдері баяғы сол, 3-4 жаттанды хадистерін аударып берумен шектеледі. Пікір-алмасуға жүйкелері тез тозып, өңдері оңып, сазара қалуы,  іштеріне бүккен агрессиясын шығара кетуі жағымсыз құбылысты елестетеді. Ақыл-ойға салуға шектеу қояды,  не түлен түртетіні белгісіз, оларға қарап, өзіңіз де «астафыралла» деп басыла қоясыз. Бұл соңғы 7-8 жылдықта болған қызу таластарды басымыздан өткізген күндерден естелік еді. Бір түйгенім,  кейде осындай аспаннан  түсе қалған  шолақ белсенді әсіре арабшылдармен әңгіме де шолақ, қысқа болуы керек пе екен деп те қаласың?!.

Кезінде аталарымыз «Жеті Жарғы» заңдарымен «Дініне, әруағына, наным-ғұрпына тіл тигізіп, елдің қалыбын шайқалтуға тырысқандарды ауылдан жыраққа шығарып тасборан жасағанды» есімізге түсірсек те жеткілікті. Расында мұндай ағым-ойлар, амал-әрекеттер біртұтас дініміз бен ділімізге, әдет-ұүрпымыз бен дәстүр-салтымызға, жалпы  қоғамымызға, ырыс-ынтымағымыз бен бірлігіміз-тірлігімізге  жасалып жатқан шабуылдар  ғой. Ендеше, жер, ел біздікі, ата ғұрпымыз, өз алдына құлшылығы бар қанымызға біткен наным-сеніміміз болса, сөз таластырудың қажеті қанша?!

Сондықтан, әңгіме қысқа болуы да керек. Ненің ақ, ненің қара екенін өз аталарым айтып та, жасап та кеткен, мен осыны ұқтым.

Достықпен келгенді дос тұттық, қастықпен келгенді – қас тұттық, дінімізді,  құндылықтарымызды қызғыштай қорғайтын мінез де керек, ағайын. Ә.Бөкейханның сөзімен пайымдасам, «Ұлтқа қызмет – мінезден» болса, әгәраки, дінге де қызмет – мінезден болуы шарт…

jaqau  Мақсат ЖАҚАУ,

    саясаттанушы

5 ПІКІРЛЕР

  1. Оте орынды айтылган, Максат мырза! Окиништисе, бизде динни сауатсыздыктан еки мусылман бирин бири тусинбей, карсыласып жатады. Шын манисинде, барлык агымдардын негизги амалы кулшылык екенин умытпайык.

  2. Бұл бағыттағы пікірі мақала емес, сондықтан сол деңгейде қабылдаған жөн, ал сопылықтың негізін теологтардан сұрңыздар, мағынасы белгілі кешегі бабалары туралы, дәтсүрі туралы айтқан…сөз қуудың қажеті жоқ, ғалымсымақ болып….

  3. Максат мырза, бул такырып биршама аукымды талап етед (бираз адебиеттерди мысал етсениз). лажы болса келеси жолы такырыпты толык ашсаныз. Ойткени бул казак ушин оте кажет. Улкен рахмет

  4. ОСЫНДАЙ СОПЫЛЫКПЕН АЙНАЛЫСКАН КАНШАМА АДАМ ПРЕЗИДЕНТТИН ШЕШИМИМЕН СОТТАЛДЫ. СЕБЕБИ ЕСТЕРИНЕН ТАНГАНША ЗИКИР САЛЫП, АУЫЗДАРЫНАН КОБИК АККАНША АЙКАЙЛАЙТЫН СУФФИЗМ БАГЫТЫНДАГЫ ТОПКА ДИНИ БАСКАРМА ДА РУКСАТ ЕТПЕДИ. БАСШЫЛАРЫ САЯТ ЫБЫРАЙ ЖАНЕ ТАКСЫР ДЕП АТАЙТЫН АУҒАНСТАННАН КОШИП КЕЛИП ЕКИ РЕТ ЕЛДЕН КУЫЛГАН ШАЛЫ ДА ТУРМЕГЕ КАМАЛДЫ. АСЫЛ ДИНИМИЗ ИСЛАМДЫ БАС ДИНИ БАСКАРМАНЫН УСТАНЫМЫМЕН УСТАНАЙЫК! Алла БАРШАМЫЗДЫ ТУРА ЖОЛДА БОЛУЫМЫЗДЫ НАСИП ЕТСИН!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз