Татьяна Шевцоваға қатысты сотқа Ресей билігі қысым көрсетіп жатыр

Қазақстарды "малғұнға" теңеп, ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыпталған алматылық Татьяна Шевцоваға қатысты сотқа Ресей билігі тарапынан қысым болып жатыр.

Татьяна Шевцоваға қатысты сотқа Ресей билігі қысым көрсетіп жатыр Алматының Алатау ауданында өтіп жатқан сот отырысына қатысушылардың бірі осылай деп мәлімдеді. Бірақ бұл ақпаратты ешқандай ресми орын нақтылаған жоқ.

Желтоқсан айынан бері үйқамақта отырған Шевцова алғашқы сот отырысында әлеуметтік желідегі пікірлерді мен жазбадым деп тағылған айыпты мойындамаған. Тұтастай бір ұлтты кемсітіп, намысқа тиетін сөздерді менің атымнан біреу жазуы мүмкін деп мәлімдеген. Ал айыпталушының үстінен шағым түсірген топ, оған тиісті жазасын беруді сұрап отыр. Егер Шевцованың кінәсі дәлелденсе, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Источник: 31 канал