
Ал қолды болған малды бірден Қарағанды облысындағы сыбайласына өткізіп келіпті. Олар аз уақыт ішінде 20-дан аса сиырмен жылқыдан 5 млн теңге пайда тапқан.
Қазір олар қамауға алынып, іс тергелуде. Ал полицейлер мал иелеріне ерекше кеңес беріп отыр. Себебі жоғалған сиыр-жылқылар көбіне еркін жайылымда жүреді. Сондықтан малға GPS -навигатор тағып, үйден шықпай-ақ төрт түлігін бақылап отырса болады дейді тәртіп сақшылары.
"Шаруалардың көбі бақташы ұстамайды. Солай үнемдегісі келеді. Ал GPS-ті қолдану арзан болмаса да, тиімділігі жоғары. Малының нақты қай жерде жүргенін біліп отырады", - дейді Семей қалалық ІІБ жедел уәкілі Асхат Тықанов.
Сондай-ақ полицейлер егер сақтық шараларын танытпаса, барымташылық тыйылмайтынын атап өтті.