ОҚО-да хиджаб таққан 2-сынып оқушысын сабаққа кіргізбей тастады

13
2828

Арыс қаласында хиджаб киетін оқушының ата-анасы мен мектеп әкімшілігі арасында текетірес туындады. Бұл туралыtengrinews-ке сілтеме жасап  31-арна хабарлайды.

ОҚО-да хиджаб таққан 2-сынып оқушысын сабаққа кіргізбей тастады
Айша Ескермес

Екінші сыныпта оқитын Айша Ескерместің ата-анасы мектеп қыз баланың діни ережелерді ұстануына кедергі келтіріп отыр деп есептейді. Мектеп әкімшілігі оқушыға сабаққа орамал тағып келуге тыйым салған.

«Біз ислам дінін ұстанамыз, Құраны Кәрімнің «Нұр» сүресінің 31-аятында «барлық әйел орамал тағып, ұзын көйлек киген» деп жазылған. Біз де әуретті жауып жүруді дұрыс санаймыз», – дейді оқушы қыздың әкесі Русланбек Әбілов.

Мектеп басшылығы Айшаның ата-анасын білім мекемесінің жарғысын бұзды деп кінәлайды. Әкімшілік мектепте оқушылардың орамал тағып жүруіне рұқсат бере алмайды.

«17 қаңтар күні ата-ана мектепке қызын басына орамал таққызып әкелді. Ата-ананы шақырып, заңда оқушылар мектептің ішкі тәртібін сақтауы керек екені айтылғанын түсіндірдік. Мектепке оқушылардың орамал тағып келуіне болмайды. Ата-аналар жиналысын өткіздік, олардың 99 пайызы мектеп әкімшілігін қолдады. Тіпті, оқушыны басқа мектепке ауыстыруды сұрады», – деді Арыс қаласындағы №376 мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Талғат Ахметов.

Қалалық білім бөлімінің өкілдері мектепте орамалға немесе хиджабқа нақты тыйым салынбағанын айтты. Дегенмен бұл дауда педагогтардың ұстанымын дұрыс деп есептейді.

«Бұл мектептің қыс кезіндегі формасы – ақ алжапқыш, көк немесе қара түсті киім. Басқа бант тағуға болады, ал орамалға рұқсат етілмейді», – дейді білім бөлімінің әдіскері Береке Тасқымбаев.

Айша Ескерместен мектепке орамал тағып келмеуді талап еткен мұғалімдерді жергілікті мешіттің өкілдері де қолдап отыр.

«Егер мекеме хиджабқа қарсы болса, мектепке бармай қалуға немесе олармен соттасуға болмайды. Елдегі ережелер мен заңдарды ұстану діни сенімге қайшы келмейді. Қыз бала білім мекемесінде талап етілген киімді киюі керек, ал көшеде, басқа жерде өзінің хиджабын кие берсін», – дейді Оңтүстік Қазақстан облысы бас имамының көмекшісі Өркен Сапарқұлов.

Ал Айшаның әкесі қызының мектепте жалаңбас жүруіне үзілді-кесілді қарсы. Ол діни сенім бостандығын алға тартып, прокуратураға шағым түсірген. Құқық қорғау органдарына шағымдануға мұғалімдер де әзірленіп жатыр.

Источник: Алаш Айнасы

13 ПІКІРЛЕР

  1. Қыздардың аурет жерлеріне қарау қандай тамаша ұстаздарға рахмет аурет жерлерін көрсетуге жұмыстанып жатырған есейе келе кіндігі ашылса қалған жерін еркектер өздері ашып алады. өте дұрыс тәрбие бұны білім министрі қолдаса болашақта қазақтын санын көбейтуге жаксы

  2. шіркін, тезірек мектеп қыздары 8 сыныптан бастап шариғат шәлісімен ұзын юбкамен, мектепке барса екен , о жаратқан сол күнді қазаққа нәсіп ете гөр, жалынып сұрайды сенен қазақ халқы

  3. Діни фанатизм көрінісі ғой! 8 жастағы баланы, тұмшаламай-ақ имандылыққа тәрбиелеуге болады емес пе? Балаға обал болған екен.

  4. Господин Аман ТОКИН. Я так и не понял ,вашу позицию ,если не можете писать на казахском ,ни чего страшного напишите на русском языке ,за то ясно внятно будет ,ваша позиция.

  5. дин карангылыкка жетелейди… баланы бузбангдар атам казахтынг жолы енг таза жол паранжи орамалтагу мектеп жасы уят сал парасат керек адамга…

  6. Религия — изобретенная человеком для нажива , то,есть Жителями Иорданской долины (жид) что бы жить и быть социальным паразитом ,вот конечная цель всех религии. Религию изобрели умнейшие люди ,и люди психологи.Великий ШЕКСПИР сказал ,мир это большая сцена ,НО только каждый человек играет свою роль в этой грешной земле. АМАНАТ должен быт от наших дедов и предков. для все казахов должен быт ОДНО ,что бы МЫ то ,есть ГРАЖДАНЕ Р.К. жили очень хорошо и в достатке . Сохранили и передали со всеми богатством это государства до будущих поколений.Для этого надо трудится ,хорошо ,поднять производства ,инновация. вести новейшие технологий в производстве. Р.К. территория очень большая — 9–место в мире ,надо запускать сверх-скоростные поезда . И должен быт ориентир на Европейскую ,Японскую культуру. От Арабского мира почти что НАМ ничего не нужно ,что бы с нами ни чего не случилось как с ЕГИПТОМ. Египет и его граждане ,потеряли язык ,культуру ,имена . к примеру:– Джосер ,Снофру ,Хеопс ,Сесострис ,Хачепсут , Аменхатеп , Эхнотон (жена Нифертити), Тутанхамон , Сети ,Рамзес -2 , Клопатра ,
    ВЫ найдите хотя сходства с Арабскими именами,это ФАКТ. От своих граждан должны требовать только ,ихние знание по профессии ,и знание Конституционных законов Р.К. 14.ст Конституции Р.К. Перед законом Р.К. все равны.Тогда Р.К добьется больших успехов. – Енбек етсен еринбей ,тояды карынын тленбей – Абай Кунанбаев.

  7. Әрине заңды құрметтеу керек заң барімізге ортақ,Бірақ Алланың бізге берген аманатына қарсы келуге болмайды.орамал тартып жургенің зияны жоқ.Мектеп муғалімдері дінді жаксы білмеуі мумкін оларға тусіндіру керек .

  8. В Арабском МИРЕ в Пакистане ,Бангладеше ,Индии , Афганистане К женскому полу относиться очень даже не доверием ,они видят в женском поле потенциального самку ,в прямом смысле слов.У этих мусульман нет ЗОЛОТОГО ЗАКОНА Великой Степей родовых отношений как у казахов.Совсем близкие люди берут в жены своих родственников. Это У них допускается , который у нас у казахов абсолютна не допустима. Это У них был до Ислама. В основном Афганистане и Пакистане ,многие женщины носят паранджу ,у них в 25-30% отсутствует нос ,так если муж посчитает ,что бы к ней ни кто не смотрел как на самку ,просто отрезается носы ,чтобы была она как уродка .Это ни кому не секрет. ХИДЖАБЫ и Паранджа придумали не грамотные люди в востоке ,и оно вошла в их ни быт и их ние культуру. Почему ШАХ ДЖАКАН в 16 веке в г. Агра построил комплекс памятник любимой жене ТАДЖ – Махал ,переводится Коронный Дворец любви – это были наши родственники Кыпчакские племена. (это отдельная тема)Когда Я был в Пакистане и в Индии ,постоянно присутствует фикальный (туалетный) запах , просто идет от людей ,это жарко. пот , массовые люди не могут постоянно мыться,во многих городах отсутствие канализация. пере населенность .Просто надо объяснить этому господину, отца маленькой девочки не надо так кидаться в религию ,при этом потеряв голову. Если она КАЗАШКА пусть растет по казахским законам в жизни . Купите казахскую национальную одежду ,пусть одевается ,хотя бы в неделю один раз .Арабы для нас не должно быт авторитетом ,Аксакалы Чеченцы ,Ингуши и другие кавказские народности носят головной убор из каракуля ,и не перед кем не снимают.

  9. Eger kiz bala 9- 13 jas asbagan bolsa dau bolgizbau kerek 2 sinif degenimiz 8 jasta balagoi atta anasinin hatesi bar. jane halin balanin ishinde bir bala solai bolu Balanin pisikolojisine jaman aser etedi att anasi oilanu kerek.

  10. Вовсе ,НЕ понятно ,ПОЧЕМУ Арабы не носит одежду ,который носят наши казашки. НУ почему— ? ВСЕ Религия изобретено самим человеком , Жителями иорданской долины ( ЖИД) то есть евреями . У них был главная задача БЫТ СОЦИАЛЬНЫМ ПАРАЗИТОМ . значить жить за счет другого. А Ислам тоже создан на основе этих же данных ,как зеркальное отражения. Мал ли что написано . можно носит пакет ,и написать там «ЗОЛОТО» ,так что что блестит это не золото. Это как мираж,вроде бы вода ,но воды там ни когда нет.На поводу у Религий ни когда нельзя идти .Есть в мире люди в МАСОНСКОЙ ЛОЖИ , у них герб или знак ,это «ЦИРКУЛЬ» как измерительный прибор. этим сказано ВСЕ.Я знаю люди многие не поймут меня .Это я написал для тех кто пониманием относится к науке.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз