Қазақстан шекарасын дереу қымтап жатыр

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысына шекара шебін мықтап қымтай түсуге пәрмен берді. Ақордаға соңғы бір жарым айда екінші рет шақыртылған Нұртай Әбіқаевқа осындай міндет жүктелді.

Қазақстан шекарасын дереу қымтап жатыр Құпия құжаттарға толы қара портфельмен келген Әбіқаевтың президент кабинетіне жиі шақыртылуы бекер емес деп хабарлайды КТК арнасы.

Себебі әлемдегі гесосаяси жағдайдың ушығуы аса сақ болуды талап етеді. Оның үстіне өткен аптада ғана Қорғаныс министрлігі босқын ретінде елге кіріп кеткен лаңкестік топтар мен сепаратистік ұйымдарға соққы беруге дайындайтынауқымды жаттығу өткізді. Осындай жаттығу енді Ұлттық қауіпсіздік комитетін де күтіп тұрған секілді. Одан қалды, дінінен адасып Сириядағы соғысқа кетіп қалған 300-ден астам жихадшы қазақтардың жайы да үлкен мәселе боп тұр. Сондықтан елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына шекара шебін мықтап лаңкестік пен экстремизге қарсы күресті тоқтатпауға тапсырма берді.

Источник: КТК арнасы