Хиджаб киген қызды балағаттаған тұрғын соққының астында қалды

Өскеменде ішімдікке тойып алған қала тұрғыны бейтаныс қызды хиджаб кигені үшін тілдеген. Оған қыздың оранып алғаны ұнамаған көрінеді.

 Өскеменде хиджаб киген қызды балағаттаған тұрғын соққының астында қалды 18 жастағы студент қыз институтқа бара жатқанда, көшедегі мас адам оған тіл тигізіп, хиджаб кигені үшін балағаттай бастапты деп жазады yk-news.kz.

Мас еркектен қорыққан ол дереу үйіне келеді. Ал қыздың қатты қорыққанын көрген өгей әкесі Самат (аты-жөні өзгертілді) сыртқа шығып, қызды балағаттаған ер адамды бірден тауып алады да, төпелеп ұра бастайды. Самат мас адамнан қызының оған не істеп қойғанын сұрағанымен, ол жауап бере алмаған. Бұл сұраққа жауапты қыздың өгей әкесі сотта да таба алмады. Студент қызды тілдеген адам арақ ішіп алған соң не айтқанын ұмытып қалғанын жеткізген. Қызы үшін бейтаныс адамды сабаған өгей әке де, қызды тілдеген ер адам да сот алдында жауап берді. Ал ауыр жарақат алған мас адамның қоғамдық тәртіпті бұзып, полиция алдына келуі бірінші рет емес екен. Ол бұған дейін кәрі анасымен жанжалдасып, қоғамдық орындарда спирттік ішімдікті қолданғаны үшін ұсталған.

Источник: NUR.KZ