Семейдің шенеуніктері қар құрсауында қалған жұртқа көмектесуден бас тартты

0
877

Семей шетіндегі ауыл қар құрсауында қалды. Кіші Ақтөбе елді мекенімен шаһар арасында онсыз да тас жол болмаған.

Семейдің шенеуніктері қар құрсауында қалған жұртқа көмектесуден бас тартты

Ал қыс түскелі ауылмен байланыс мүлдем үзілді деп хабарлайды КТКарнасы.

Ауыл тұрғындарының айтуынша өрт сөндірушілер де уақытында келе алмайды екен. Мәселен ауылда бір үй өртеніп, өрт сөндірушілерді 45 минут күтіп, бүкіл үй жанып кеткен.

50 шақты түтіні бар ауыл тұрғындарының жылда айтар мәселесі осы. Қыс келіп, қар түссе, жұрт қалаға қарай жаяу беттейді. Себебі жеңіл көлік батып қалады. Күре жолға дейінгі қашықтық 2 шақырым. Ауыл балалары да мектеп автобусы қатынай алмаған күндері омбы қармен жүруге мәжбүр.

Жергілікті әкімдікке айтылған шағым нәтиже берер емес. Шенеуніктер қолда техника болмаған соң, не істейміз деп қол қусырып отырса керек. Сондықтан тұрғындарға бірігіп, өздеріне әрекет етуден басқа амал жоқ.

«Енді тұрғындардың өздері жиналу керек те, ол тиын тұратын нәрсе ғой. Жиналып, көліктерге төлеу керек. Бар ғой. Сонымен тазарту керек ол жолды», – дейді Озерки ауылдық аймағы әкімі аппаратының жетекші маманы Ербол Шәріпов.

Источник: КТК

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз