КЕРЕКУДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН МАЗАҚ ҚЫЛЫП, БОҚТАУҒА КӨШТІ…

Әкімдер ауысса да,  қазақ тіліне деген көзқарас ауысқан жоқ...

РУЗА 14 қаңтар 2015 жыл. Халайық, бүгін мынадай масқара болды: трамваймен келе жатқанмын. Көзім "С новым 2015 годом" деген жазуға  түсті. Соңғы аялдама болатын, жүргізушіге: "Мынау заң бойынша қазақша жазылуы керек, не екі  тілде" дедім.  "Я русская, говори по-русски" деді. "Мен қазақпын" деуім мұң екен, "А-а, вас все знают, достали уже всех своим казахским языком, п.... отсюда, е....", бір сөзбен айтқанда орыс боқтығының астында қалдым. Сондай стрессте болдым, түсе сала, трамвайдың алдына тұрдым да, олардың басқармасына қоңыраулаттым. Айттым, "мына қатынды алып кетпесеңдер, мен осылай тұрамын, мейлі басып кетсін, қазақ тілінде сөйлегенім үшін осындай сөздерді естігенімше"- дедім. Екі  айдай бұрын тағы осыған ұқсас оқиға болғанда, Рыбалко деген осындағы жұмысшылардың бастығына айтқам, "қайталанса сізді сотқа беремін" деп. Негізі 4-5 жыл болды, трамвай басқармасымен арыз жазысып отырғанымызға. Олардың 2010 жылдан бері  менде жиналған 20-дан аса  отпискаларында жазатыны: "үйретіп жатырмыз, бізді түсініңіз..." Әйтеуір, қазақ тілін әбден мазақ қылып, ақыры боқтауға (мүмкін, сосын соғуға да көшетін шығар) көшкен трамвай басқармасы маған полиция шақыртып тынды. 15 қаңтар 2015 жыл.  Жерлестер, ертең трамвай басқармасында, астындағы оқиғаға байланысты жиын өтеді, 10-30-да. Өздері звандады, мені соған шақырды. Қазақ тілін таптатқандарға наразы қауымды, жорналшыларды, келулеріңізге өтінемін. Қазақ тілі баршамызға керек екенін көрсетейік жауапты орындарда отырған шовинстерге, басқаларға да сабақ болсын! Трамвай басқармасының адресі: Солтүстіктегі (вокзал маңындағы) қалаға кіре берер көпірдің алдында. Қала жақтан барамыз ғой. Көпірдің ар жағында. бірінші аялдама "Трамвай басқармасы". Сол басқарманың ішінде, тел. 333857 (Рыбалко Антонина Максимовна, жүрг., кондукторлардың бастығы) 333823, қабылдау бөлмесі. Соларға айту керек, "біз жиылысқа келдік, қазақ тілі баршамызға керек, осыны фейсбуктен біліп келіп отырмыз" деп. Араларыңызда көргендеріңіз болса, " иә, сондай нәрсе болған, кеше көрдік" деп, куә болсаңыздар  тіпті жақсы. Көп рахмет, сіздерге, жерлестер! 16 қаңтар 2015 жыл. Келдім трамвай басқармасынан. Қалалық ішкі саясаттан, бір куәгерден басқа ешкім келмеді... Облыстың ішкі саясатынан сұрағам, БАҚ-тарды жіберсін деп. Келген жоқ. Тілдер басқармасы әдетінше: "Кім көрінгенге бармаймыз" деген өркөкірек позициясын ұстап отыр. Келген жоқ. "Кім көрінгендер" қазақ тілі үшін боқталып жатқанда, олардың жұмысы қанша? Бір жағынан келмегені де жөн болыпты, әйтпегенде "Диона" дүкеніндегі сияқты керісінше, менің үстімнен арыз жаздыруды үйретіп кетуші еді... Бір жаманы. жаңағы жиналыста, орыс ұлты өкілдері үндемей отырғанда (басшылары менен кешірім сұрады, боқтаған жүргізуші де кешірім сұрады),бір қазақ бригадирі тұрып: "мы все русскоязычные. не надо нас прессинговать"- дегенін не қыласың санасыздың. Өз ұлтын, өз мемлекетінің мемлекеттік тілін  өзі аяққа таптап берді ғой! Мен  күйіп: "Өкінішке орай., 300 жылғы саясатың нәтижесінде өз ұлттық құндылықтарынан айырылған қазақтар көп арамызда. Бірақ мемлекеттің, қазақтардың мүддесі - қазақ тілін де факто өз тұғырына қондыру!"деген сөздерді айттым. Түсінетін адамдар болса..." Анықтама үшін айтарым:  Облыстың тілдер басқармасының бастығы Еділбай Қабжан. Былтыр "Галактика" полиграфиясындағылар: " Қазақ тілінде қызмет көрсетпейміз. Она нам мешает работать"- деп, полиция шақыртқанда Еділбай Қабжанға 3 рет қоңыраулаттым. "Тым болмаса, олардың заңсыздығын айтып, телефон шалыңыздаршы?"-  деп айтқаныма былқ етпеді.  Хатшысы " ол жиылыста отыр", " ол шығып кетті"-деп алдаумен болды. Шенеунік болып тұр ғой... Кез келген еркекпін деп санайтын азамат әйел адам шағымданып тұрғанда көмек беруші еді ғой...   Өз жұмысын істемей, тегін айлық алатындар әбден іріп-шірігендер деп ойлаймын !  Кешіріңіздер,  қандай пікірдемін, соны жаздым!  

Облыс пен қала әкімдері ауысса да,  қазақ тіліне деген көзқарас ауысқан жоқ...

Тағы бір жағдай...  Облыстық ішкі саясат басқармасы бастығы қазақша дым  "қақпайтын", қазір, қол астындағыларының айтуынша "енді үйреніп жатқан" Копенов Бауыржан Абуталипович. Облыстық  ішкі саясат басқармасы   қаланы қазақыландыруға саусақтарын тигізген  емес. Былтыр мен 7-мамырда біраз адамды жинап, Қазақстан Қарулы Күштері  күні құрметіне  біраз шерулетіп қайтайық дегенбіз. Сонда "9 мамырға Ұлы отан  соғысына дайындық қылып жатырмыз"-деп, алаңда  бізді жүргізбей қойды. Оларға тілдік, құлдық сананы өзгертуге жұмыс жасаңдар деген түк емес!  Қол астындағы, бюджеттен де қаржы бөлінетін орыстілді БАҚ-тар көше, қала атауын қазақшалау,   қазақ тілі десе өре тұра келеді. ИРБИС  телеарнасы да солай. Бұны осында жүрген Төлен бауырым қанша мәрте әшкереледі. " Қазақшаны эфирдің түн ауған  уақытына  тығып тастайды, соның өзінде 50 пайыз емес, 30 пайыздың маңайында" дегенде, мемлекеттік тілді менсінбей, тықсыратын БАҚ-тарды  облыстық ішкі саясат басқармасы   қызғыштай қорғаған. Білетінім, егер ішкі саясат басқармасы бастығы Копенов әлі орнында отырса, қазақ тілін қақпайтын қазақ. Сондықтан да шығар, мені бір рет те қабылдамады. Ал облыстық ішкі саясат басқармасының   бүгінгі трамвай басқармасындағы жиналысқа  қалалық  ішкі саясат басқармасы бастығының міндетін атқарушы Айжанды  жібергеніне  рахмет деймін.  Бірақ оның да көзқарасы, "қазақ тілімен бірге орыс тілін де құрметтеу керек"-дейді.  "Дұрыс қой, бірақ,  айналайын, барлығымыз орыстілді болып кеттік емес пе, одан әрі қандай құрмет керек,  бұл жерде құрметсіз қалып, қорлық көріп отырған мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі ғой"- дедім. Бұрын Ерлан Арынның облыс әкімі кезінде мені ғайыптан тілге қатысты жиынға шақырған. Сонда тіл үшін ЖКХ-ның облыстағы бас мекемесінің бастығы Саин Уалиханұлын, көліктегі қазақ тілінің масқара жағдайын айтып, сынның астына алғанмын. Сол жиында қала әкімі  менің бетіме әжуә көзбен, жақтырмай қалған. Өйткені, Арынның сол жиында "міне, қала әкімі отыр, міне, тілдер басқармасы бастығы Е.Қабжан отыр, бір  айда қалыпқа келтіріңдер!"- деген тапсырма берді. Бірақ, ол сөз жүзінде қалды, әрине. Тағы бірде қала әкімімен  кездескенде, "Репрессия құрбандарына ескерткішті (соның жанында кездестік) неге қалада салмадыңыздар? Қаланың ішінде белгітас тұр құрбандарға, оның жанында құран бағыштауға болмайды дедіңіздер, енді қаланың сыртындағы, зираттың жанындағы ескерткішке неліктен құран оқытпайсыз?" деген сұрақ пен  қазақ тілінің мүшкіл халі жөнінде сұрақтарды да  қойғанмын. Сонда ол  кекете күліп, сол жерде киліккен ішкі саясат басқармасының қызын меңзеп, "міне, мына кісі жауап береді" деп, тоқтамай өтіп кеткен. Қазір  орыстілді әкімдердің (қала әкімінің, мемлекеттік қызметкерлердің) "басты жауы", осы қаладағы  қазақтілді мен болып отырған секілдімін. Сондықтан да, трамвай басқармасы  кешірім сұраған соң, мен де кешірсем де, енді мені соттамақшы. Күдіктенуімше,  мемлекеттік тіл үшін үстінен арызданған мемлекеттік мекемелердің барлығы  (қазақ тіліне байланысты мазаламағандарым  кем-де кем бұл қалада),  осыған барып отыр ма екен деп ойлаймын. Барлығы жабылып алып, мені  сотпен бір тұқыртпақшы...  Себебі былтыр, 38 млн теңгеге шырша қойғанда, қала әкімін тағы да сынағаным бар... Бүгінде  облыс пен қала әкімдері ауысты.  Бірақ  қазақ тіліне деген көзқарас ауысқан жоқ...

Руза БЕЙСЕНБАЙТЕГІ,

Республикалық "Қазақ үні"  газетінің

Павлодар облысындағы меншікті тілшісі.

qazaquni.kz