Қылмыстық топ жас қыздарды шетелдік бордельдерге аттандырып отырған

0
2056

Алматы облысында қылмыстық топ жас қыздарды шетелдік бордельдерде аттандырып отырған

Алматы облысында жас қыздарды шетелдік бордельдер үшін жұмысқа тартумен айналысып жүрген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Алматы облысында қылмыстық топ жас қыздарды шетелдік бордельдерде аттандырып отырған
Фото: tengrinews.kz

«ІІД ҰҚКБ қызметкерлеріне келіп түскен оперативтік мәліметтер бойынша, осы өңірде шетелдік бордельдерге жыныстық пайдалану үшін жас әйелдерді үгіттеумен айналсып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ бар екені анықталды», – делінген бейсенбі күнгі хабарында.

Облыстық полициядан түсіндіргендей, жас әйелдерді уағыздау Талдықорғанда да және бүкіл өңірде жүргізіліп отырған.

Іріктелген үміткерлер арасында күдіктілер көбіне жүзі ақтарға, еуропалық ұлт өкілдеріне ерекше ықылас танытып отырған. Ондай қыздарды іздестіруде септігін тигізіп отырған қонақ үйлерінің, сауна мен монша кешендерінің әкімшілдеріне күдіктілер $300-400 төлеп отырған.

Полицейлер жүргізген операцияның соңғы кезеңінде күдіктілерді қылмыс орнында ұстады.

Қазір адам саудасы және трафигі дерегімен ҚР ҚК 128 б. 3 т. бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды. Қылмыстық іс материалдарында күдіктілер ретінде жастары 29 бен 43 аралығындағы отандастырымыз бар және олардың екеуі ұсталды. Полицейлердің айтуынша, заңсыз мәмілелерді қаржыландырып отырған үшінші күдікті әзірге шетелде жүр.

Источник: КазТАГ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз