Қазақстанда атом электр стансасы тек тұрғындармен талқыланған соң салынады

1
1013

Қазақстанда атом электр стансасын салу туралы шешім аталған мәселе тұрғындармен толық талқыланған соң қабылданады.

Қазақстанда атом электр стансасы тек тұрғындармен талқыланған соң салынады

Бұл туралы парламент мәжілісінде «Атом энергиясын пайдалану туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында  Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев айтты.

«Әлі шешім шығарылған жоқ. Ең алдымен бұл мәселе халықпен және биліктің барлық құрылымдарымен кең көлемде талқыланатын болады», – деді Жақсалиев.

Оның айтуынша, бүгінде атом электр станасын салуға болады деген екі орын белгіленіп отыр.

«Бізде екі орын жоспарланып отыр. Біріншісі Балқаш көлінің маңайында, дәлірек айтсақ, көлдік оңтүстік-шығыс бөлігінде, Шығанақ теміржол стансасы бар, Өркен ауылы орналасқан жер. Екінші орын Семейдегі сынақ полигонында. Ол жерде Курчатов қаласы орналасқан. Дегенмен Курчатов қаласы деп шартты түрде ғана айтып отырмыз. Ал негізінде Семей сынақ полигонында», – деп түсіндірді ол.

Вице-министрдің айтуынша, АЭС 2025 жылға дейін салынуы мүмкін.

Источник: ИА «Казинформ»

1 Пікір

  1. Болашак жаркын деп кунде каксап жатыр ал мен айтамын не истеймиз бала немерелеримиздин болашагы не болады деп ойлауга коркынышты.бул аждаха не ушин кажет бола калды.протон уран аз еди енди айдахардын 3ши басы шыкты.уранмен уланып уйыктап жаткандарды корип отырып аэс салсак .казак тилинде сойлейтин баска мемлекет болса кетип калар едик.туган жер жалгыз гой не истеуге болады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз