Алматы облысында қос бүйірінде арабша жазуы бар қозы туылды

Алматы облысындағы Кәлпе дейтін ауылда қос бүйірінде арабша жазуы бар қозы туылды деп хабарлайды 31-арна.

Алматы облысында қос бүйірінде арабша жазуы бар қозы туылды Салауди Шахтиев есімді ауыл тұрғыны қозының бүйіріндегі таңғажайып жазуды төлдеу кезінде бірден байқаған. Жергілікті имамдар араб тілінде бір бүйірінде "Алла", келесі бүйірінде "Мұхаммед" деген жазу жазылғанын растап отыр. Ал, төл иесі қозыны ешкімге сатпайтынын және соймайтынын айтады. "Біз бұған қатты таңқалдық. Мұнымен Жаратушы Алла бізге өзінің бар екендігін хабардар етіп тұрған болар. Бірақ, қандай мақсатпен жібергені бір өзіне ғана мәлім. Десе де, мұны біз жақсылыққа жорып отырмыз", - дейді Кәлпе ауылының тұрғыны Салауди Шахтиев.

Источник: 31 канал