Ғаламторда ұлтаралық араздықты өршіткен әйел кінәсін мойындамады

Халықтың ар-намысына тиетін ауыр сөздер айтып, әлеуметтік желіде "ұлтаралық араздықты өршітті" деп айыпталған алматылық тұрғынға Татьяна Шевцоваға қатысты сот отырысы өтті. Бұл туралы 31-арна хабарлайды.

Ғаламторда ұлтаралық араздықты өршіткен әйел кінәсін мойындамады Татьяна Шевцова-Валова

Ауыр мәлімдемені естіген бойда сотқа шағымданған белсенділер "Өзгелерге сабақ болсын" деп оған қатаң жаза сұрап отыр. Елді шулатқан Фейсбук парақшасындағы жазбаларында Татьяна Шевцова қазақтарды "малғұнға" теңеген. Ал оның Қазақстанның территориялық тұтастығына қатысты айтқан теріс пиғылдылары тіпті қорқынышты. Алайда Шевцованың өзі сотта басқаша сайрады. Заң орындарына жеті ай бұрын шағым түсіріп, істің ақ-қарасын анықтауды сұраған қоғамдық белсенділер соттан әділетті шешім күтеді. 12 адамнан тұратын топ Татьяна Шевцоваға қазақ ұлты мен қазақ тіліне қатысты сорақы пікір білдірді деп кінә тағуда.

Алматының Алатау ауданында өтуі тиіс сот отырысына халық көп жиналды. Олардың дені айыпталушыны жақтаушылар емес - даттаушылар.

"Осы елдің азаматы бола тұра, қазақтар туралы, қазақ тілі мемлекеттік тіл болу деген дауға қатысып, балағаттау, жаман сөздер айтқан", - дейді қоғамдық белсенді Ботагөз Зарқынқызы. Ал айыпталушы Татьяна Шевцова, керісінше, өзіне тағылған айыппен келіспейді. 46 жылдан бері Қазақстанда тұратынын, бұл елді жақсы көретінін айтқан азамат әлеуметтік желіні шулатқан сөздер менікі емес деп басын арашалағысы келеді. Менің атымнан өзге біреулер жазуы мүмкін деген уәж айтады. "Менің суретімді, есімімді қойып, өзге біреулер жалған аккауант ашқан. Осылай жалған аккуанаттар ашатындар бар және де сол жерде менің атымнан біреулер жазба қалдырған", - дейді айыпталушы.

Ешқандай кінәм жоқ деп ақталған Татьяна Шевцова маған қатысты қылмыстық іс негізсіз қозғалды деген пікірде. Тіпті, осы іс аяқталған соң, қарсы шағым түсіретінін жеткізді.

Ал шағымданған топтың арасында бірнеше этникалық орыс азаматы бар. Олар ел бірлігіне сызат түсіргісі келгендерді аямау керек дейді. 2014 жылдың 23 желтоқсанынан бері үйқамақта отырған Татьяна Шевцоваға тергеу барысында ұлтаралық араздықты деген айып тағылған. Ал сот отырысы оның адвокатсыз келуіне байланысты 23 қаңтарға шегерілді.

Источник: 31 канал