Халықты баспанамен қамтуы тиіс мемлекеттік бағдарлама тоқтады

1
1295

Кісі есігінде күнелтіп жүрген миллиондаған отбасыларды үймен қамтуы тиіс мемлекеттік бағдарлама орта жолдан тоқтады.

Миллиондарды үймен қамтуы тиіс мемлекеттік бағдарлама орта жолдан тоқтады

Жұрт арасында ең танымал бағдарлама – ең рекордттық мерзім, яғни бір жарым жылдың ішінде келмеске кетіп отыр деп хабарлайды КТК арнасы. Осы «Қолжетімді баспанаға» сеніп арзан үйге үміт артқандар абдырап қалды. Бірақ, Үкімет халықты сабырға шақыруда.

Орта жолдан тоқтаған бұл бастама енді жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында әрі қарай жүзеге асырылмақ. Өйткені елбасы өз Жолдауында осы жылдан бастап мемлекеттің ақшасына салынатын пәтерлерді мұқтаж адамдарға еш делдалсыз, барынша төмен пайызбен үлестіруге пәрмен берген болатын.

Ендігі жерде баспана тұрғызумен «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы айналыспақ. Мұның ішіне «Қолжетімді баспанамен» бірге, «Аймақтарды дамыту», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» мен «Ақ бұлақ» секілді ірі мемлекеттік бағдарламалар еніп отыр.

Ал «Қолжетімді баспана» бойынша құжат тапсырған салымшылар үшін банкке барып, қайта келісімшарт жасаудың қажеті жоқ.

«Қорқатын да, сескенетін де нәрсе жоқ. Бұл бағдарламаның атауы ғана өзгерді. Мемлекет тарапынан бақылауға қолайлы болу үшін негізгі жалпы бағдарлама қабылданады. «Қолжетімді баспана-2020-ның» негізгі тетіктері, бағыттары осы бағдарламаға енеді», – дейді осыған байланысты «Тұрғын үй жинақ банкі» басқарма директоры Еұлан Жамаубаев.

Источник: КТК арнасы

1 Пікір

  1. Қолжетімді баспанаға қолы жетпей жүргендер өте көп еді. Бірақ, осы бағдармалаларың рахатын халық емес әкімдік алаяқтары көріп отырған сыңайлы.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз