Оралда 30-ға тарта жүргізуші жол полициясын сотқа берді

0
876

Оралда көлік иелері полициямен соттасып жатыр. Олар өздерін жүргізуші куәлігінен айырған тәртіп сақшыларын кінәлап отыр.

Оралда 30-ға тарта жүргізуші жол полициясын сотқа берді
Айта кетейік, былтыр күзде көшенің қарсы бетіне шығып кеткен 40 шақты көліктің иесі жүргізуші куәлігінен бір жылға айырылған еді.

Жүргізушілер бұл әрекетін жолдың ортасында көлік апатына ұшырап тұрып қалған көліктерді айналып өткендігімен түсіндіреді.

Дегенмен, заңды алға тосқан полиция оларды жаяу қалдырды. Мұнымен келіспеген жүргізушілер прокуратураға шағым түсірген. Олар өздерін әуре-сарсаңға салған полицейлердің жазаға тартылуын талап етіп отыр.

«Жүргізуші куәлігінен айрылған он шақты талапкерден сотқа арыз түсті. Олар жол полициясы қызметкерлерін әрекетсіздігі үшін кінәлайды», – Орал қалалық №2 сотының судьясы Сергей Сергеев.

Талапкерлер сотқа айғақ ретінде сол күні түсірілген бейнематериалдарды да сұратты, сот олардың бұл өтінішін қанағаттандырды. Кейін бұл материалдар жіті зерттелетін болады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз