Студенттер оқытушыларға беретін пара көлемінің қанша екенін айтты

"Нұр Отан" жастар қанаты "Таза сессия" акциясы аясында студенттерден сауалнама жүргізіп, жоғарғы оқу орнында оқытушылар алатын параның көлемі туралы білді.

Студенттер оқытушыларға беретін пара көлемінің қанша екенін айтты Аталған сауалнамаға 62 қазақстандық оқу орны қатысқан деп жазадыaktobetimes.kz.

Сауалнамаға қатысқан студенттердің 90 пайызы оқу орындарындағы жемқорлықпен күресу мүмкін емес деп ойлайды. ЖОО-лардағы оқу "бағасы": 1. Сессияны сәтті жабудың орташа бағасы – 29 мың теңге 2. Бір сынақтың бағасы ("өте жақсы") – 12 мың теңге 3. Курстық жұмыс бағасы – 13 мың теңге 4. Дипломдық жұмыс бағасы – 60 мың теңге 5. Жатақханадағы орын бағасы – 15 мың теңге 6. Ақылы оқудан мемлекеттік грантқа ауысу – 200 мыңнан 500 мыңға дейін 7. Әскери кафедраға түсу – 500 мың теңге Пара алатын мұғалімдер арасында жасы да, кәрісі де бар. Тіпті, бір сабақтан қалғаны үшін 200 теңге алатын оқытушылар да кездесіпті.

Источник: NUR.KZ