Аталған сауалнамаға 62 қазақстандық оқу орны қатысқан деп жазадыaktobetimes.kz.
Сауалнамаға қатысқан студенттердің 90 пайызы оқу орындарындағы жемқорлықпен күресу мүмкін емес деп ойлайды.
ЖОО-лардағы оқу "бағасы":
1. Сессияны сәтті жабудың орташа бағасы – 29 мың теңге
2. Бір сынақтың бағасы ("өте жақсы") – 12 мың теңге
3. Курстық жұмыс бағасы – 13 мың теңге
4. Дипломдық жұмыс бағасы – 60 мың теңге
5. Жатақханадағы орын бағасы – 15 мың теңге
6. Ақылы оқудан мемлекеттік грантқа ауысу – 200 мыңнан 500 мыңға дейін
7. Әскери кафедраға түсу – 500 мың теңге
Пара алатын мұғалімдер арасында жасы да, кәрісі де бар. Тіпті, бір сабақтан қалғаны үшін 200 теңге алатын оқытушылар да кездесіпті.