Студенттер оқытушыларға беретін пара көлемінің қанша екенін айтты

9
1613

«Нұр Отан» жастар қанаты «Таза сессия» акциясы аясында студенттерден сауалнама жүргізіп, жоғарғы оқу орнында оқытушылар алатын параның көлемі туралы білді.

Студенттер оқытушыларға беретін пара көлемінің қанша екенін айтты
Аталған сауалнамаға 62 қазақстандық оқу орны қатысқан деп жазадыaktobetimes.kz.

Сауалнамаға қатысқан студенттердің 90 пайызы оқу орындарындағы жемқорлықпен күресу мүмкін емес деп ойлайды.

ЖОО-лардағы оқу «бағасы»:

1. Сессияны сәтті жабудың орташа бағасы – 29 мың теңге

2. Бір сынақтың бағасы («өте жақсы») – 12 мың теңге

3. Курстық жұмыс бағасы – 13 мың теңге

4. Дипломдық жұмыс бағасы – 60 мың теңге

5. Жатақханадағы орын бағасы – 15 мың теңге

6. Ақылы оқудан мемлекеттік грантқа ауысу – 200 мыңнан 500 мыңға дейін

7. Әскери кафедраға түсу – 500 мың теңге

Пара алатын мұғалімдер арасында жасы да, кәрісі де бар. Тіпті, бір сабақтан қалғаны үшін 200 теңге алатын оқытушылар да кездесіпті.

Источник: NUR.KZ

9 ПІКІРЛЕР

  1. раихан аитқаның орынды оқушыдан мұғалім ақылды мұғалімнен үкмет ақылды жалақысын көтеріп қоиып алған жалақысының тең жартысын қағазпаздықа ж,т басқа нәрселерге жұмсатып қоиған

  2. Оны айтатын жерге айт жалакы жонинде окытса окытин баланың кинамасын калтасы тесик болса косымша жумыс истесин каншама балдар кангып жалданып жумыс жасап жур официант грузщик болып сол тапкан тиын берип отыр жылына аке шешеси толеп отырган жокпа .

  3. Жылына төлесе – үкіметке.Ал оқытушының еңбекақысы аз ғана. Қалтасы тесік. Оның үстіне басшылықтың тапсырғн жоспары бар 100 саулықтан 150 қозы дегендей.Әйтпесе жұмысын жоғалтады. Ал оқытушының бала-шағасы бар, және өз саласынан ошағынан басқасына кету қиын, орта жол ғой. Олар да мал емес, ақылды, иманды баладан алыс жүреді. алса мыйсыз, қалтасында бірдеңесі барлардан нәпақа талап етеді. дұрыс деп отырған мен жоқ. Бірақ оқытушыны фашист етіп көрсету-сауатсыздық. Инженер, оқытушы, сатушы, актер бәрі адам.Нан-су, ком. қызмет, жұмыс,отбасы бәріне керек.Әділетті болсаңдар, оқытушы еңбегін бағалатып, еңбекақысын көтертіңдер. Сосын олар да жөнделеді.

  4. Окы окыма барибир сурайды окыган балдарды жугиртип кояд сонындарынан себеби ети уйренген айтса айткан студенттерди отчисление кудалайды укиметтен айлык алып отырған жокпа кункорис деп сонда окушыны сорама ол баланың аке шешес жылына толеп отырган жокпа. Сонда зачет сессия дипломга акша сорып отырган мугалим акылды сураганың берип отырган студент акылсызба сенини кызык екен

  5. Егер сол оқытушылар мол еңбекақы алып отырса ақша талап етпес еді. олар да адамдар, егер үкімет аз ғана еңбекақы берсе жұмыс істеуге де құлқы болмас. оқытушыларды сыпыра жаманау дұрыс емес. Әркім ұрламай күнкөрістік ақша табуды ойлайды. Олар ұрлап емес, еңбегіне сұрап отыр. бұл бір- тұтас жүйе. Олардың үстінен қарайтындар да бар. Соны неге түсінбейсіңдер?Егер студент білімді болса ақылымен ақ оқыр еді, санасыз болғаны үшін кім кінәлі?Түптеп келгенде-жақсы көргенін, жаман бергенін айтады!

  6. Неге кызарсын сенен алад сен жылы окуынды толеп отырсын ол бюджетке тусип зарплата алад оган уйренген адамдар. Осы дикилдейди жылына толейтин акша кешиксе уялмай билайда алып отыр машинас бар балдар машинас пайдаланад фотомен айналыскан балдарды пайдаланад буткил оздерин тойын тусуруге мебель сатсан мебель бересинА4кагазын колледжилерге пачкасымен алып беред зачетте уялмайды не деп уялсын тегин емес пе уят деген созди билмейди анау емес бе открыто айтып отыр былтыр карыздарын бермей кетти деп мұғалим. Жаксы. окитын кыз университетте атырауда бағасын ала алмай багасын себеби кушти окиды бари берди оларга койды апайы устатпай сонында ана кызда шаршады озин устап алып апай канша керек деген екен 7 мын деп колымен корсетип имдап сонда мұгалим шэртиып жур аяғы аур корыкпайды го кудай сактасын солай окы окыма барибир бересин сен кайдан табасын тонайсын ба урлайсын ба уйден нанға калган сонгы акшас ма оларга барибир не болып бара жатыр. Уят деген создин мағынасын тусинеме

  7. ОСЫ САУАЛНАМАНЫҢ ҚОРТЫНДЫСЫН ОҚЫҒАН СОҢ – ҚҰРАННЫҢ: «ПАРА АЛҒАН ДА, ПАРА БЕРГЕНДЕ ТОЗАҚЫ» ДЕГЕНІН ЕСКЕРСЕК, ОҚУШЫЛАРЫМЫЗДАН БАСТАП, СТУДЕНТТЕРІМІЗ,ОҚЫТУШЫЛЫРЫМЫЗ,ОҒАН ҚОСЫМША АМАЛСЫЗДАН ПАРАМАЕН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСҚАНДАР,ТЕНДЕРГЕ ҚАТЫСҚАНДАРДЫҢ НЕГІЗГІ АЛАТЫН СОМАСЫНАН АМАЛСЫЗДАН БАСШЫЛЫРҒА БЕРЕТІН 10 ПРОЦЕНТ ПАРАСЫ Т.Б. ТІКЕЛЕЙ ТОЗАҚҚА АПАРАТЫН «ЖОЛДА» БАРА ЖАТҚААНЫ АЙТПАСАДА ТҮСІНІКТІ.»КӨРІП ТҰРЫП КӨРГЕ» КЕТЕ БЕРЕМІЗ БЕ,ӘЛДЕ АРЫМЫЗДЫ, ИМАНДЫЛЫҒЫМЫЗДЫ ТУ ЕТІП МҰНДАЙ СОРАҚЫЛЫҚТАН ЕЛ БОЛЫП АРЫЛАМЫЗ БА,ЕГЕМЕН ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ АЗАМАТТАРЫ??

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз