Қазақстанда автокресло бағасы 100 мың теңгеге дейін жетті

0
959

Қазақстанда балалар автокреслосының бағасы Оралдағы 7 мыңнан теңгеден Қарағандыдағы 100 мың теңге аралығында болып тұрғанын ҚазТАГ агенттігінің жүргізген мониторингі көрестеді.

Қазақстанда автокресло бағасы 100 мың теңгеге дейін жетті

Агенттік тілшісі хабарлағандай, Астанада арзан жаңа және қолданыста болған балалар автокреслосы мен арнайы тұтқыр құрылғыларды сауда желілері мен интернет-дүкендерден «талап» әкетіпті.

Автокреслоларды сататын елордалық бірнеше дүкендер мен интернет-дүкендердің өкілдерінің жауаптарына қарасақ, бағасы 25-30 мың теңге аралығындағы барлық арзандау автокреслолар сатылып кетіпті. Бұл ретте автокреслолардың жаңа әкелімі тек 11-16 қаңтар аралығында ғана болады деп күтілуде.

Қолданыста болған бағасы 20 мың теңге аралығындағы автокреслолар интернет-ресурстарда тек бір жасқа дейінгі балалардың «бесік» автокреслолары ғана сатылуда. Одан басқа, сатып алушылар арнайы тұтқыр құрылымдарды 4-10 мың теңгеден «талап» әкетті.

Сондай-ақ балаларға арналған «бустерлер» деп аталатын жастықтар да 4 мың теңгеден және одан сәл қымбатқа талап әкетілді.

Ол құрылғылар да енді бір аптадан соң жеткізіледі. Бұл ретте Алматы барахолкаларында жасы 12-ге толмаған балаларға арналған қытайлықы автокреслолар 15-22 мың теңге аралығында сатылуда. Одан сапасы жоғары кәрістердікі – 36 мың теңгеден сатылуда. Автокресло тапшылығы байқалмайды.

Атап өтерлігі «бустерлер» саудада болмаған. Интернет-дүкендерде баға 15-89 мың аралығында.

Талдықорғанда балаларға арналған автокреслолар үш сауда орнында сатылуда. Қазір ол саудада жоқ, енді келесі партиясы осы аптаның соңына түседі деп күтілуде. ҚХР шығаратын бір жастан 12 жас аралығындағы балаларға арналған автокреслолардың бағасы 19-30 мың аралығында.

Chicco фирмасының сапалы креслолары 52 мың теңгеден.

«Сауда нүктелерінде айтарлықтай дүрлікпе байқалмағанымен балалары бар жеке меншік автоәуесқойлар тарапынан белсенділік көп.

Қалада жол полицейлері 7 қаңтардан соң балабақшалар қасында кезекте тұрады екен, және арнайы креслосыз балаларды әкелген жүргізушілерге айыппұл салуға кіріседі деген қауесет таралып кетті», – деп хабарлады агенттік тілшісі.

Өз кезегінде жеке меншік таксопарктер балаларды тасымалдауға арналған арнайы құрылғыларды сатып алу ниеті жоқтығын айтып отыр, себебі клиенттерге қызмет көрсететін көліктер олардың меншігінде емес, және авоиелдерінен жалға алынып пайдалануда екен.

Айыппұл төлегісі келмейтін жүргізушілер өз есебінен автокреслолары сатып алуларына болады.

Қарағандыда автокреслолардың бағасы 12 мың теңгеден жоғары. Мысалы, 45 мың теңгеге үш ересек кезеңге есептелеген автокресло сатып алуға болады, 98 мың теңгеге – былғарыдан жасалағанын. Интернетте қолдан 10 мың теңгеге сатып алуға болады.

«Автокреслоларға деген айтарлықтай дүрлікпе байқалмайды, бірақ құны 10 мыңдық «бустерлерге» сұраныс артты», – деп хабарлайды ҚазТАГ тілшілері.

Петропавлда автокресло сататын дүкендерде 7 қаңтарда сауда қызды. Мамандандырылған бір сауда нүктесінің саудагері айтқандай, осы күні «бустерлер» данасына 15-20 мыңнан сатылды.

«Кеше бізге 7 қаңтарда «Бутуз» дүкенінде автокреслолар көп болады деп айтқан. Біз онда түсте келгенімізде Т40 мың тұартын керслолардан басқа ешнәрсе қалмағанын көрдік», – дейді Петропавл тұрғыны Елена.

Оның айтуынша, ол өзінің 9 жасар қызына автокресло сатып алмақшы болып аралаған барлық дүкендердегі жағдай осындай екен.

«Элиталық дүкендерде автокреслолардың бағасы 100 мың теңгеге дейін барады», – деді ол.

Оның айтуынша, бұдан бір апта бұрын 4 мың тұрған «бустерді» ол 6 мыңға сатып алуға мәжбүр болыпты.

«Сатушы жаз бойына осы креслолардың жатқанын, ал қазір 23 данасы сатылғанын айтады», – деді ол.

Оралда қытайлық автокреслолар 7690-нан 15290 аралығында сатылуда. Базарларда 12 мыңнан.

Қазақстанның әр қалаларында «бустерлер» мен автокреслолардың бағасы 6,1 мыңнан бастап, 100 мыңға дейінгі аралықта сатылуда.

Ақтауда автокреслолар 20 мыңнан 50 мың аралығында. Дүкендердің көбінде балалардың автокреслолары соңғы кездері саудадан жоғалып кетті.

«Бәрін сатып алып қойды», – деп хабарлады тілшілер.

ҚазТАГ тілшілерінің хабарлауынша, Тараз базарларында автокреслолар жоқ.

Павлодарда қытайлық автокреслолар 8 мың мен 15,8 мың теңге аралығында сатылуда.

Источник: КазТАГ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз