Айнұр Тұрсынбаева "шоу-айтысты" сынағандарға жауап берді

Қаңтардың үшінен бері әлеуметтік желілерде күйіп тұрған тақырып – шоу-айтыс деп жазады Алаш айнасы.

Лақпа айтыс деген атауға ие болған бұл шоуды көргендердің көбі жақсы жақсы пікірде емес екенін әлеуметтік желілердегі сындардан-ақ байқауға болады.

Бұл шоу – қазақтың киелі өнері айтысты қорлау деп санайтындардың пікіріне қатысты  ақын Айнұр Тұрсынбаева өз жауабын берді.

200 долларға таң атқанша құдалық күтіп, бастықтардың тойында жағы талғанша сайрап жүрген бір көкем ақындар ақшадан өлген деп көпіріп отыр.

"Әлеуметтік желілерде шоу-айтысқа қатысты айтылған пікірлерді қарап шықтым. Осы айтыстың арқасында үйде жатып-ақ қырғын сауап жинап тастаппыз ғой. Біреуді ғайбаттау үшін алдымен өзіңе, бала-шағаңа қарасаңшы, көкем-ау. Ақыретте ақындар үшін емес, солар үшін сұраласың ғой. 200 долларға таң атқанша құдалық күтіп, бастықтардың тойында жағы талғанша сайрап жүрген бір көкем ақындар ақшадан өлген деп көпіріп отыр. Аузы арақтан құрғамай, әр жердегі концерттерде ұятқа қалып жүрген бір көкеміз ақындар азғындап кетті деп жазыпты бер жерге", - деді ақын Айнұр Тұрсынбаева twitter.com-дағы парақшасында. Еске сала кетейік, ақындар мен әншілер айтысқан шоу-айтысты әлеуметтік желі қолданушылары қатты сынға алған болатын. Әсіресе, сықақшы Қанат Әлжаппаровтың мүлдем дайындықсыз келгені айтыссүйер қауымның  ашуын туғызған еді. Осыған қарамастан, лақпа айтыстың тағы да өтетінін белгілі болды. Қанат Әлжаппаров әлеуметтік желідегі парақшасында Жүрсін Ерманның бас-көз болуымен  лақпа айтыстың қайтадан өткізілетінін жазған.

Источник: NUR.KZ