Айнұр Тұрсынбаева «шоу-айтысты» сынағандарға жауап берді

5
7805

Қаңтардың үшінен бері әлеуметтік желілерде күйіп тұрған тақырып – шоу-айтыс деп жазады Алаш айнасы.


Лақпа айтыс деген атауға ие болған бұл шоуды көргендердің көбі жақсы жақсы пікірде емес екенін әлеуметтік желілердегі сындардан-ақ байқауға болады.

Бұл шоу – қазақтың киелі өнері айтысты қорлау деп санайтындардың пікіріне қатысты  ақын Айнұр Тұрсынбаева өз жауабын берді.

200 долларға таң атқанша құдалық күтіп, бастықтардың тойында жағы талғанша сайрап жүрген бір көкем ақындар ақшадан өлген деп көпіріп отыр.

«Әлеуметтік желілерде шоу-айтысқа қатысты айтылған пікірлерді қарап шықтым. Осы айтыстың арқасында үйде жатып-ақ қырғын сауап жинап тастаппыз ғой. Біреуді ғайбаттау үшін алдымен өзіңе, бала-шағаңа қарасаңшы, көкем-ау. Ақыретте ақындар үшін емес, солар үшін сұраласың ғой. 200 долларға таң атқанша құдалық күтіп, бастықтардың тойында жағы талғанша сайрап жүрген бір көкем ақындар ақшадан өлген деп көпіріп отыр. Аузы арақтан құрғамай, әр жердегі концерттерде ұятқа қалып жүрген бір көкеміз ақындар азғындап кетті деп жазыпты бер жерге», – деді ақын Айнұр Тұрсынбаева twitter.com-дағы парақшасында.

Еске сала кетейік, ақындар мен әншілер айтысқан шоу-айтысты әлеуметтік желі қолданушылары қатты сынға алған болатын. Әсіресе, сықақшы Қанат Әлжаппаровтың мүлдем дайындықсыз келгені айтыссүйер қауымның  ашуын туғызған еді.

Осыған қарамастан, лақпа айтыстың тағы да өтетінін белгілі болды. Қанат Әлжаппаров әлеуметтік желідегі парақшасында Жүрсін Ерманның бас-көз болуымен  лақпа айтыстың қайтадан өткізілетінін жазған.

Источник: NUR.KZ

5 ПІКІРЛЕР

  1. Бұл шоу айтысты ұйымдастырған және оны өткізуге келіскен кісілеріміз ойлану керек еді. Айтыс шоу емес, екеуін айыра білу керек. Шоу айтысты көріп отырып жерге кіріп кете жаздадым.Қорлық қой.Расында лақпа айтыс.Ата бабамыздан келе жатқан өнерді қорлау.Айтыс, сөз ұйқасымен келетін сөз тартысы, нағыз ақындардың өнері. Мазақ болдық.

  2. НЕМЦЫ говорят, НЕ важен ход ,важен результат , КИТАЙЦЫ ,не ищите в темной комнате ,четную кошку . От Айтыса —?.

  3. АЙТЫС был важен ,когда при СССР. Как то проверяли по результатам недостатков по АЙТЫСУ , кому он нужен сейчас. Все это слова ,к делу не прищете. Результатов нет и не будет. Получается СОБАКА лает ,а караван то идет, к месту назначения , вот все ВАШЕМУ АЙТЫСУ. ПРИ СССР Я помню ,Айтыс был после этого сколько обсуждались и принимали какие то решения для его решения ПРОБЛЕМЫ по Айтысу.

  4. Айтыстың өткені жақсы бірак айтыскер акындармен мен әншілерді айтыстырганы дурыс сиякты бірак аншілерге дайындык керек сиякты көз алдарыңызга бұл бұлмен көкектің ән салганын елестетіп көріңіздерші бул айтыс сондай болды

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз