Әлеуметтік желі арқылы өсек таратқандарға жаза күшейді

1
1431

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстер заңды күшіне енді.

 Әлеуметтік желі арқылы өсек таратқандарға жаза күшейді

Бұл туралы «Казахстанская правда» газетіне сілтеме жасап Алаш айнасыхабарлайды.

Жаңа Қылмыстық кодекске сәйкес, қауесет таратқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Қылмыстық кодекстегі «Жалған мәлімет тарату» деп аталатын бапта ең ауыр жаза ретінде 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Нақтылап айтсақ, БАҚ-тар немесе әлеуметтік желілер арқылы өсек таратқан адамға 5 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу, тура осындай көлемде түзету жұмыстарына жіберілу, бас бостандығынан 2 жылдан 5 жылға дейін шектелуі немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, жаңа технологияны пайдалана отырып лаңкестік және экстремизм көрінісін, радикал идеологияны таратуға жауапкершілік қатаңдай түсті.

Ендігіде шетелдердегі қарулы қақтығыстарға қатысқан адам қылмыстық жазаға тартылады, бұл туралы бапта 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Источник: NUR.KZ

1 Пікір

  1. БАРЛЫК БИЛИК БАИЛЫК ХАЛЫКТЫН КОЛЫНДА БОЛУКЕРЕК .БУЛКУН ТУМАЙ КАЗАКТЫН ТАНЫ ЕШУАКЫТТА АРАЙЛАП АТПАЙДЫ .ТИЛИМИЗДЕН САЛТДАСТУРМИЗДЕН АИРЛДЫК КАЗАККА БУДАН БАСКАКАНДАЙ КАСИРЕТ КЕРЕК.УАКЫТША КАЗАКТАРДЫ АЛДАП БЕТИМЕН ЖИБЕРДИ , СОГАН МАЗБОЛЫП КУАНАМЫЗ , БУЛ САЯАСАТТЫН ШАШЫПЖАТКАН ЗАРЛЫ УЫ КАЗАКТАРЫМ…ЖУИЕ ТОЛЫК АУСУ КЕРЕК.ОЯН МАНГУРТТЕНИП КЕТКЕН КАЗАКТАРЫМ.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз