УЧЕНЫЕ УТОЧНИЛИ НАЦИОНАЛЬНОСТЬ ЧИНГИСХАНА

25
16509

фото: balashov.com.ua

Украинский историк Владимир Белинский заявил, что Чингисхан был казахом, а не монголом.

В доказательство ученый, посвятивший почти всю свою жизнь изучению завоеваний великого полководца, приводит тот факт, что четыре племени, которые стали фундаментом будущей империи Чингисхана, были тюркскими – кияты, кереи, найманы и меркиты, пишет «Экспресс К». Отец Чингисхана Есугей был вождем племени киятов. Жена Чингисхана Борте, которая подарила ему четырех наследников, была коныраткой. Сыновья предводителя носили тюркские имена, передает today.kz.

У монголов нет ни ханского титула, ни тюркских имен. Кроме того, Владимир Белинский утверждает, что дела при хане велись на тюркском языке. Ритуал поднятия хана на белой кошме, сами выборы – традиции казахские. Настоящее имя Чингисхана по-казахски звучит как Темиршин, считает историк. В пользу версии о тюркском происхождении полководца есть и другие доводы. К началу похода на Восток власть Чингисхана признали все тюркские племена. Поэтому никаких столкновений с кочевниками на территории Казахстана у войск завоевателя не происходило. Найманы и все прочие казахские племена вошли в состав империи Чингисхана на заре ее появления. Поэтому поход на Восток начался с осады городов, признававших власть Хорезма.

Этой же точки зрения придерживается и российский историк Мурад Аджи. По его мнению, Чингисхан является представителем тюркских кочевников из предгорий Алтая. При этом историк считает, что перед походом на Китай под властью Чингисхана были объединены и монгольские племена. И еще один факт подтверждает теорию двух ученых: на монетах, отчеканенных в империи Чингисхана, слова написаны на тюркском языке, и на большинстве из них есть надпись «казах».

Источник: http://24.kz/ru/news/top-news/item/25082-uchenye-utochnili-natsionalnost-chingiskhana?utm_medium=referral&utm_source=lentainform&utm_campaign=24.kz&utm_term=128531&utm_content=3155369

25 ПІКІРЛЕР

  1. қазақтың шежіресі тарихы ашылуы тиіс, тарихсыз шежіресіз саясатта билікте алга жүрмейді, өтірк тарихтан ктылатын уақыт келді, тарих таза болуы тиіс, қазақта атасын танымаган адасады деген сөз баргой,

  2. торе руына казактын руынын барлыгы киреди ол текти деген каны таза дегенди билдиреди хандыкка тек казактар отырган дана каситти балдарды таныган узирлер ханнын баласы ретинде торе руын берген баласы болып саналган кишкентаиынан дайындап хандыка сайланган

  3. казак ойянады алем халыктары оздери ким изденеди жер тузеледи сана оянады аспанды гана ойламай жердиде ойлайды, танир келеди

  4. Ассаламу алейкум ағайындар . Шыңғыс қаһанның қазақ екеніне , бала кезімнен – ақ көзіміз жетті . Исаи Калашниковтың * Жестокий век » Іліяс Есенберлин » Көшпенділерін » Т.басқа шығармаларды оқып , Теміршіннен қазақтың әдеті , ғұрпы ,салты , иісі шығып тұрушы еді . Археология : қазақ деп тұр , Нумизматика : қазақ деп тұр , Аңыз әңгімелер : қазақ деп тұр , Жақында » Жеті ғасыр жырлайды » деген кітап шықты . Сыпыра жыраудың толғаулары » Қазақ » деп тұр . Авторға рахмет . «. Уйгурица » деген жазу ескі қазақтың » Шағатай » жазуы .

  5. Шыңғыс Хан ешкімге бас иген емес, керісінше бас идірген, Шыңғыс Хан жағымпаздардың, сатқындардың көзін жойған, Шыңғыс Хан ұрылардың, жемқорлардың басын алған,
    Шыңғыс Хан өз бұқара Халқын алдамаған, алдағандарды аямаған, демек, оның шын ұрпақтары да қанына тартуы табиғи процесс. Ал, осы қасиеттерін қазақтың қай басшысынан көріп тұрсыңдар? Барлығы да керісінше. Керек десең, түркі емес Грузия, Молдова, Украина, Балтық мемлекеттерінің, тіпті, Беларуссияның басшылары да ресейге бастарын игісі жоқ. Ал, біз 300 жылдық құлдықтан әрең құтылғанда, енді барып қайта басымызды идік, теңгемізді рубльге «арба» етіп тіркеп қойдық. Келесі президентті ресейдің тікелей қатысынсыз еркін, таза сайлай аламыз деп қайсысың кепідік бере аласың? Сондықтан, босқа «арсалаңдамай», әлі де нақты айғақтарды күту керек. Нақты айғақ, Қытайдың арнайы қызметтеріне бағынатын,ұлттық құпия кітапханасында. Оған кез келген адам,тіпті біздің Президент те бас сұға алмайды.

  6. Документальные дела в Государстве Чингизхана велись на уйгурском языке, тоесть письменность была уйгурская и советники были уйгуры, каждый министр должен был знать уйгурскую письменность!!

  7. Ай Илесбек Байжанов! Хаямды жей бермеши. Магынасыз шубыртпа шатпагынмен. Х…м да тусинбедик мына шатпак создериннен. Не айтпаксын сонымен?

  8. ОттаFан екен! Сонда Найман мемлекетiн жойFан кiм екен? Арнайы тарихымызды жою ушiн жасалFан осындай алып -кашпа пiкiрге маз боламыз.

  9. Әй, жарайсың! Шындықты басқа елдердің тұлғаларымен ғана дәлелдей аламыз. Өзіміздің қабілетіміз жетпейді ғой :unatu: .

  10. Əрине қазақ, ол кезде қазақ болып аталды ма, жоқ па, бірақ та əйтүйір түбі бір түркіміз, тек келістірмегеніміз, кейінгі ұрпақтары біздер өзара арпалысып кеттік, соған қарағанда бір ұлт болып қалыптаспағынымызды көрсетеді, бөлек-бөлек ел болғанбыз ғой, Шыңғыс ханның қателегі осында деп ойлаймын, не болса да ұрпақтарына бір ат беріп, біріктіріп кетуі керек еді жəне елдің шекарасын сызып бекітіп кетуі керек еді, мынау сендердің жерлерің деп, ал не қазір ойбай қытайға, өзбекке, орысқа əне жеріміз, мына жеріміз кетіп қалды деп,

  11. Cабулайұлы Тәмуршын Шыңғыс Қаһанның бас кеңесшісі «Баша-Гор» шенін алған Жалқоба Бәйсерек жәддінің жырын оқысақ.

    -Уа Таразым Тұраным!
    Кер Сақ Аба, Ар Сақ Аб
    Алты Алашқа Ту болған
    Киелі қос бұлағым!
    Қос бұлақтан тараған
    «Қазақ Қаһан» Ұраным!
    Таңбалы «Тараз» Сақ Абтан
    Батысыңда «Асабұл»,
    Шығысыңда «Майлыбұл»,
    Алтынкүрек Орғасүй «Дүнияға» келгенде
    «Төрт Құбыласын» тең еткен,
    Әділдікпен «Шайқы дүр!»
    Уаха! Шыңғыс Қаһаным!
    «Құтыбашта» – «Жайқы біл»
    «Кер Сақ Абаның» үшбауы
    «Асабул» мен «Майлыбұл!»
    Қос қағанат бір есік,
    Бір жағадан шыққанда
    Шығысыңнан бақ тайды бір.
    Қассақ «Сүңгіні» қолға алып,
    Қайқы қылыш жалаңдап,
    Барыстай құйрығы салаңдап,
    Тұран Туы жарқылдап,
    Қос қанатын жайды бір!
    Уа, Тәмуршын, Тәмуршын!
    «Тәңірқұтқа» табынсақ,
    Көк Тәңірі силаған!
    Керейде «Төрем» жалғызсың!
    Асабалды «Асарым!»
    Ашамайлының құрық салмас асауы!
    Жолбарыстың ішіндегі «Орғысың»!
    Айыр қалпақ Айдаһар биге май тамыз!
    Ботаң шөксе, нар қылсын!
    Керегең құласа, «Шар» қылсын!
    «Төрт Құбылаңнан» жау келсе,
    Келер жолын тар қылсын!
    Тіл тигізген ел болса,
    Ашамайлы бесіктің қарнына салдым,
    Жөргек дауысқа зар қылсын!
    «Дүния» тұтқасы «Қазығұрт»!
    Қан тілеген ел болса,
    Қос жанарын көр қылсын!
    Қос үзеңгісі кесіліп,
    Үзбе сағақтан қан қылсын!
    Қазақ Қаһаннан тараған,
    Жетпіс бір «Уәл Баһанның»
    Етегіне салдым Һаруағы!
    Жар болсын деп киелі!!!
    Тараз өңірінде Құлан шаһарында өткен Құрылтайда Жалқоба Байсерек (Башқұрт қағанатын құрушы) Шыңғыс Қаһанға бата береді. Осы жерде Шыңғыс Қаһан Қытай елінің ірі тұлғаларын жинап, Қазақ еліне қайта бас көтермейтін «Ант-су» ішкізіп 150 жыл бойы құн төлеп отырасың деп кесімді «Пәрмен» беріп, «Жарғұп» – жарғысына жазады.
    P.S. Түсіндірме: «Баша-Гор» – Ұлық Басы деген мағананы білдіреді.
    «Жәдді» – шайыр деген ұғым.
    «Орғы» – жолбарыстың сырттаны деген сөз.
    «Пәрмен» – жарлық, (указ).
    «Қағанат» – аймақ, облыс, регион – деген ұғым.

    Жалқоба Жәдді Бәйсеректің айтқаны.

    – Тұсына Тұран Елінің «Жиһад» келді,
    Қан жуып кәрі-жасты қинап келді!
    Батыстан «Төрт Алқа» соғысы гүркілдейді,
    Түстік «Жиһад» айтып зіркілдейді!?
    Шығыстан «Ғуаш – Мана» етек зіркілдейді,
    «Қантөгіс» Жаһанды алып іркілмейді!
    «Қармақшыны» тоқтатқан Атаң Забур!
    Құтқара гөр!» – деп: «Қаған!» Жер Жаһаннан
    Тұғырыл Торы Қағанға шулап келді!
    «Төрт Алқа» соғысынан құрыдым!» – деп,
    Батыстан Белгіслап Орнақ келді!
    «Мұхамедтің Хадисінде Жиһад жоқ!» – деп,
    Түстіктен кәрі Хазіреті Сунақ келді!
    Лазымын Торы Ханға жеткізген соң,
    Сунақ Қожа «Қадір түні» офат болды!
    Тұғырыл Хан сиынды Көк Тәңірге,
    Тілеуі Торы Қаһанның қабыл болды!
    Жинады «Жайрасұнды» оңды – солды,
    Тоқтатты Түстіктен аққан қанды қолды!
    «Қартайдым!» – деді, Торы Қаған Тоқсабаға,
    Тәмуршынға тапсырды «Белгі тонды»
    Қоштасты Тектілердің рәсімімен,
    «Мәзілі-Мәссағым!» үшін құрбан болды!
    Торы Қаған дүниеден озғаннан соң,
    «Урқай Білекті Сабулай» – Ұран болды!
    Тәмуршын «Тұнғыш» Торыдан бата алған,
    «Шыңғыс Гүрһан» атанып, Қаған болды!
    «Ғуаш-Мана», «Төрт Алқа», «Жиһад» қырғыны,
    Тұсында Шынғыс ҚаҺанның тәмәм болды!
    Ныспым: Жалқоба буыны, Сүтім: Қазақ Қаһан,
    Байсерек «жөргек бата» Бабам болды!
    Тұранда ілгері өткен Жәдділер көп,
    Келбеті «Балкүн жүзді» адам болды!
    Күн шығады ұясынан «Маруан» шашып,
    «Шүлте шам» майы жанып, азан болды!

    Манжы Горшы Башақур – сөзінің мағанасы

    Манжы Горшы Башақур–сөзінің мағанасы Жарғұпты тұңғыш жазған деген ұғым, яғни Сақ заманынан сонау Көк Хандықтан қалған Жарғұпты өзгерткен және Шыңғысханның Жарғұбын да өз заманына лайықтап түптеген Шыңғысханның ұраншысы болған Жал-қоба Байсерек Жәдді.
    Манжы деген сөзді, кейінерек «Майқы» – деген сөзге айналдырып жіберген. «Түгел сөздің түбі бір, түп Атасы Майқы Би» – деген мақал Шыңғысханның дәуірінен қалған. Жалқоба Байсерек – Башқұрт қағанатын алғаш құрушы азамат.
    Майқы Күбіесұлы бұл Атамызға берілген шен «Мә Ұлық». Осыны «Мәлік» – деп айтады. Майқы Ар Ғұн Елінің Телісүт атасынан тарайды. Ал Телісүт пен Алтай бір әке, бір шешеден туылған. Телісүт әулие болса, Алтай өр мінезді, қайсар, қарулы да, қайратты батыр болған азамат. Бұлардың туылған жерлері Тарбағатай тауының бөктері. Екеуінің де өсе келе қоныстанған өлкесін «Өр Алтай», «Кер Алтай», «Маралды» – деп шежіреге жазады.

    (жоғарыдағы аталған кітаптан үзінділер)

  12. Шыңғыс Қаһанның Шараһаты:

    1. Патшаның қаһары тамшыдай, теңіздей тасытатын халқы! Атамыз Қазақ Қаһанның «Мейірім мен Шапағаты» – көлдей! Тамшыдай бөліп тауысатын азғын, тексіздер!
    2. Көк Тәңірі – «Тәңірқұт»! Көк Білекті Қаһанды тарыдай етіп жаратады. Таудай көтеріп, қаһарлы ететін жұраты!
    3. Әр түрлі «дін» көбейсе, соншалықты «зіл» көбейеді.
    4. Ақты ұйытып қайната піссең, сары май шығар! Халықты ұйытып қайнатсаң, данышпан туар! Халықты ірітіп қашырсаң, қанішер туар!

    «Бестаңба» «Ілім Сәрім» насиятынан үзінді.

    Шыңғысхан билікке келгенге дейін Жұмыр Жер бетінде үш мыңнан асатын діни нанымдар мен сенімдер пайда болған. Киелі Даланы қоршаған айналадағы елдердің қайсібірінің діни ұғымдарында «Қызыл шақа шейіт» – деп аталатын рәсімдер істелінген. Бұл сәбиді құрбандыққа шалып, ұнға аунатып жеу секілді адамзат баласына зиянды да, жат құбылыстар мен дәстүрлер көбейіп белең алғанда, Ұлы Далаға ауып келушілер көбейіп, пана іздеген. Осындай діни нанымдар көбейіп, адамдар азып, билік басындағы-лардан қанағат кетіп, жемқорлық пен сатқындық көбейіп, «Мейірім мен шапағат» пен Имандылықтан айырылудың соңы үлкен қан төгіске ұласып, «Жаһан соғысы» туады. Адамзат қауымы дағдарысқа ұшырап, тығырыққа тірелген тұста киелі Ұлы Далада Тәмуршын туылып, Жаһанды жаулап, ғаламдық тәртіпті орайына келтіріп, адам баласына зиянды діни сенімдер мен нанымдарға тиым салады. Ежелден келе жатқан кітап түскен діндерді: Ислам, Христиан және оның тармақтары Католик, Православие, Буддизмнен басқасын түгел дерлік жояды. Шыңғысхан: «Дінде зорлық жоқ, әркімнің шын ниетімен, сенімімен, жүрегімен қалаған дінін ұстасын және кітап түскен діндерді құрмет тұтсын!» – деген.

    Шыңғысханның Батыс елдеріндегі атауы

    Батыс елдері: Ыслабан, Һарот, Лұтбаш, Шалағандар Шыңғыс Ханды: «Білекті Зақан Заруб», «Сабла», «Сабля Гүрхан» – деп атаған, бұл Сабулайдың ұлы – деген сөз және қаһарлы қылыштай өткір деген мағана. Білекті – дегені, қос білегінен бір жарым қарыс қара жүн шығып тұрған. Шыңғыс Хан қолын батырып ас жемеген, қасықпен жеген. Оны «Алтын аяқ» – деп атаған. Білекке ұзын жүннің өсіп шығуы жүректің күштілігін білдіреді. Осындай белгі Тоны Көк Білекті Қаһанда болған. Вилка – аша, алтын тістеуіш. «Зақан»: Жаһангер, Жаһанды алушы, Жаһанды бағындырушы, тәртіп орнатушы сөзінен айтқан қаһарлы жарғысы, Ыслабан елінде: «Закон» – болып өзгерді.
    Шыңғыс Ханға, Ғамсар Ғайыпханды тізе бүктіргеннен кейін, бүтін дүние жүзі патшалары өздері келіп бағынған, ол ешқандай елді өздігінен жауламаған, тек қана қарсылық білдірген жағдайда ғана күш көрсеткен. Ауыр қолын жер-жаһанға таратып, өзі жеті мың Жайрасұндарымен бүтін ат тұяғы жететін құрылықты аралап шыққанда, алдынан сол елдің патшасы шығып, сый – құрмет білдіріп, екі білегінен салаңдаған жүнді көргенде, Білекті Сабля Зақан –деп қолынан сүйген.
    Тектілер ешқашанда тізесіне құлап қолдан сүймеген. Екі жағдайда осы көріністер орын алған, ол сәбидің және туған анасына ғана құрмет көрсетіп қолын сүйген. Ал былайша Тектілер төс қағысқан. Бұл рәсім «Құсілім» заманынан, Тоны Көк Білекті Қаһандардан қалған.
    Қазіргі күндері Ресейде «Закон» – деп қалқанның бетіне екі семсерді айқастырып қоюы, бұл сонау Шыңғыс Қаһанның Жаһан дүниеге жариялаған «Жарғұп» – жарғысы, яғни соғысатындар маған келсін деген белгісі. Олардың қазіргі «Закон» – сөзі Шыңғыс Ханның аты, ал «Сабля» – деген сөз әкесінің аты.
    «Герой» – деп жүргендері Керей, Керай, Керегенек қағанатынан шыққан білегі шұбар жүні салаңдаған, жүрегі шымырлар – деген ұғым.
    Сауд Араб, Үрант (Иран), араб елдері: Кербала, Раббылаһ, Гүрхан – деп атаса, Тұран мемлекеті: ЖауҺар Жауһазы – деп атады.
    Түсіндірме: Һароттар – хорваттар, Лұтбаштар – латыштар, Шалағандар – ағылшындар.

    Шыңғыс Ханның мінез – құлқы

    Шыңғыс хан сары түсті киімді, сары жылқыны, сары итті жақсы көрген. Желкеден сәлем беру, желкеден уәж айту, желкеден оқ атқандарды қатаң жазалаған. Қайыр тілегендерді «Құзғын» – деп атаған, және ондайларды қарны тоятын жұмысқа салып қойған, сондықтанда қайыршылар зиярат істеп, әулие аралап жүрмін деп зар қағады екен. Мүгедек адамдарды коргенде өзін қоярға жер таба алмай, ұйқысы қашып жаман түстер көрген. Олардың жағдайын жасау үшін қазынадан қаржы бөлдіріп, арнайы қызметшілер ұстаған, көңілдерінің көтеріңкі, тамақтарының тоқ болатын жағдайларын жасаған, және бұл істерді өте қатаң бақылауда ұстаған.
    Гүрханның сүйікті асы жайын еті, ешкінің сүті, жылқының сүбесі, қазы-қартасы болған. Ең жек көргені жайын балық болған, себебі Сом Тайжал сияқты «ұға» – деген. Бұл: «құлақсыз» – деп айтқаны екен, ал сүйікті асы осы балықтың еті мен сорпасы болған, сондықтанда бұл балыққа: «Сом» – деп ат қойып, сорпасын: «ұға» – деп атаған. Оның бұл қылығына уәзірлері шек – сілесі қатып күлген.
    Егерде бір істің туралығын, әділдігін, шындығын айтып өзіне қарсы шыққан азаматтарды құрмет тұтқан. Мұндай кісілерді билік басына қоюға тырысқан, оның осы қылығынан, Қарлық, Горшы, Қамбашы, Лайма Далай, Сұлтан, Уәзірлері қатты сескенген. Себебі ертеңгі күні ақылы асқан азамат билікке шықса, бір пәсте мүсәпір кейіпке түсеміз деп, мүмкіндігінше халықпен тура сөйлеп, дұрыс тіл табыса білуге ұмтылған. Шыңғыс Хан егерде кез келген елдерде билік басында отырған азаматтардың өз елдеріне істеген озбырлығын сезсе, жедел түрде «Ел Жамбыны» өзгертіп, сол азаматтың өзіне адалдығына қарамастан бала-шағасын, үй-мүлкін, бар байлығын тұрғылықты жердің әділ, білікті деген азаматына бергізіп, бұрынғы патшаны елден қуып, тентіретіп жіберген. Дәл осындай істі Күйік елінің князі Владислав Матиске істейді. Египеттің шахын халық алдына шығарып өртеп, күлін Ніл өзеніне ағызып, құлдарға бостандық бергізіп, қалаған діндеріңе кіріңдер деп, қатаң «Жарғұп» жазып кетеді.
    Шыңғыс Хан ұсталарды жақын тұтқан. Диханшыларды құрметтеген, әр жылда түркілердің ескі салты бойынша күзде жиын-теріннен соң «Сабан Той», наурызда «Көктем самалы» мейрамдарын қазынаның есебінен өткізіп тұрған. Ал жинаған жемісін жасырғандарды қатаң жазалаған, салықтан қашқандарды өлім жазасына кескен. Он қадақ бидайдың екі қадағы қазынаның қамбасына түсіп тұрса, 10 қойдан 2 қой, 10 ешкіден 2 ешкі салық ретінде алынған. «Жылқы ердің қанаты!» – деп бұл түліктен салық алмаған. Шыңғыс Ханның дәуірінде жылқы малының көбейгендігі соншалық, кейбір үйірлер жабайы болып кетеді.
    Бірде – бір азаматқа өздігінен «Шен – атақ» бермеген, ел қолдаса ғана көтермелеген.
    Шыңғыс Ханның заманында жетім-жесір, аш жүру деген болмаған. Осындай жағдайлар байқалса, қызметшілерін жіберіп «Не себептен душар болды?» – деп біліп отырған. Жасында аштықтың да, жетімдіктің де зардабын көп тартқан Ұлы Гүрхан ешқашанда қиналған, жұтқа ұшырағандардан көмегін аямаған. Сондықтанда Жер Жаһаннан ағылып келетін патшалар, би–бекзадалар Ордасынан арылмаған, көмек сұраған. Оларға міндетті түрде жәрдем берген, есесіне сол елден салық жинаған зекетшілері озбырлық жасап, асыра сілтесе өлім жазасына кескен. Зекетшілікке Арғұн, Төрт Үйзын (Үйсін) елінен азаматтар алып, соларға сенген. Әр ай сайын Гүрханның Ордасына мыңнан аса керуендер келсе, осының бес жүзінен артығы табыс көзі төмендеген аш-жалаңаш елдерге таратылған. Шыңғыс Хан «Үшайғыр – Тубайларды» (қазіргі Астана шаһарының орнында болған қала) өте күшті сәулеттеп ол жерде халық саны үш мыңнан аспайтын шағын Орда ұстаған. Кейінгі жылдары бұл Ордада тұрғындар саны жиырма мыңға жеткен. Шыңғыс Ханның қатаң жазалаған елдері, батыс пен түстік және Қытай елі болған. Бұл үшеуіне сенбеген, сондықтанда Кер Атаның Асабұл, Майлыбұл қағанаттарынан арнайы азаматтар аттандырып, тексеру жүргізіп тұрған.
    Түсіндірме: Күйік елі – Киев княздігі.

  13. Қазақ елінің «Тілдік жабар» яғни шекарасы туралы.

    Шекараны белгілеп оларға тас қоюды Шыңғысханның тұсында арнайы «Жарғұппен» Атығай мен Қарауылдарға бекіткен. Шекара белгілеген жерге тас белгі қойған.
    1. Қасқырды екі бала еміп тұрса қазақтың жері, Тілдік шекара.
    2. Төрт емшегінен екі жақтан еміп тұрса, 8 емшекті – бұл Сақ заманынан қалған белгі. Екі бала Ар Сақ-аб және Кер Сақ-аб. Шекара қылып тас қойса да, көсемге тас қойса да өгіз шалған.
    3. Бүркіт қанатын жайып тұрған тас белгі болса, Қазақ Қаһанның аяғы тиген жері болғаны.
    4. Барыстың басы тұрса, бұл Әлімсақтан бұрын өткен қазақтың көсеміне қойылған тас белгі.
    5. Тасбақаның суреті болса, бұл Көлтегіннің өткен жері.
    6. Арқардың, Текенің қос мүйізі бар тас белгі көрсеңіз, бұл Қазақ Қаһан мен Созақ Қаһанның өткен жері.
    7. Оқтаулы Жай садағын тартып тұрған адам бейнесін көрсеңіз, бұл Тектілердің өткен жері.
    Ғамсар Ғайып Хан туындатқан «Жаһандық соғыстан» соң пайда болған бей – берекесіздіктерді тиып, Жаһандық тәртіпті қайтадан қалпына келтіріп, «Ұлы керуен жолдары» мен «Пошта қатынасын» жолға қойған соң «Тілдік жабарға» кірісіп, яғни шекара белгілегенде Шынғысханның заманынан бастап әр тайпалар мен руларға түрлі міндеттер қайтадан жүктеледі. Арғұнның ішіндегі рулар: Атығай мен Қарауылдарға шекара күзеті тапсырылады, яғни «Тілдік жабарға» солар жауап беріп отырған.
    Ал «Халық санағын жүргізу» Кіші Жүздің ішіндегі Тамаларға тапсырылады.
    Алыстан басқа жат – жұрттардан Алты Алаштың Еліне елшілер мен басқа да сыйлы қонақтар келсе, ең алғашқыда оларды «Қос Момынға», яғни Қоңырат пен Үйсіндерге түсірген. Кейінгі замандарда Үйсін тайпасынан тағы да тайпалар тарап бөлініп шыққанда, бұл міндет Дулаттарға жүктеліпті.
    Телеулерге соғыста қаза болғандарды, және жорықтарда Жалпақтұмсықтың (Евразия) қай жерінде жүріп қаза болса да, сол Ұлы азаматтардың мәйітін өздерінің өсиеттері бойынша қай жерді атаса, сол жерге апарып жерлеген. Бұл іске машықтанғандардың арнайы мәйітті жуып, сақтайтын заттары мен ыдыстары, неше түрлі өсімдіктердің сығындылары мен химиялық дәрілері, үсті жабық арнайы арбалары болған. Осы рудың атынан Ыслабандарда мәйітті «тело» – деп, ал мәйіт тасыйтын арбалар «телега» – деп, аталып кетеді.
    «Жосық», «Жарғұптарға» байланысты, бұл міндеттерді орындауға басқаларға рұхсат бермеген.
    Атығай» мен «Қарауылдар» Қазақ Елінің шекарашылары.

    Шекараны белгілеп оларға тас қоюды Шыңғысханның тұсында «Атығай» мен «Қарауылдарға» тапсырылып, бекіткен арнайы «Жарғұп» болған..
    Атығай мен Қарауылға Жер Көсе билерді бөліп береді, шекара істерімен айналысатын жүзбасы, мыңбасыларды бекітеді. Күндіз – түні белгі беретін қанатты жебелерді ойлап табу мен бұл қызметтерді ойдағыдай атқаруды жүзеге асыру тапсырылған. Бұлардың міндеті ел шетіне келе жатқан жау ма, ел ме, соны анықтау, керуендер келе жатса, олардың әкеле жатқан заттары елге керек пе, осыны білу, сауда – саттықтың және «табыс көзінің» ұтымды жағын ойластыру және ел ішіне кірген керуендердің қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қарақшылардан қорғау да жүктелген. Елге келе жатқан Елшілерді құрметпен қарсы алу және оларға барлық жағдайлар жасау міндеттері де жүктелген. Ең қиыны жау тигенде қалай хабар беру, қалай қарсы алу керек, осы жағы қатаң тәртіпті талап еткен.
    «Атығай» мен «Қарауыл» келе жатыр!» – дегенде, ел дүрлігіп қаруға жармасқан, ол замандарда халқымыз ұлдарын бесіктен жаугершілікке үйреткен. Атығай мен Қарауылдарды арнаулы тігілген киімдермен, өзгеше киіндірген. Олар әрқашанда елдің шетінде болған. «Қарауылдар» алыстағыны барлап жау ма, ел ме екенін білетін топтарды айтса, ал «Атығайлар» – деп елге хабар жеткізуші топтарды айтқан.
    Бұл ерекше міндет жүктейтін жасауылдар қызметіне сұсты батырлар, білімді алымдар, ізшіл аңшылар, бірнеше тілде сөйлейтін азаматтар қабылданған. Бұл жасауылдар ең жүйрік те, жарамды аттармен, таңдаулы киімдермен, және бұл қызметтегі азаматтарға ерекше мәртебелер берілген.
    Түсіндірме: «Атығай» мен «Қарауылдар» – 81 Ата Арғын тайпасынан қалған Қазақ халқының құрамына кіретін 6 Ата Арғындардан шыққан рулар. «Жарғұп»- «пәрмен», «жарлық» – деген ұғымдар. «Табыс көзі» – деп, бұрын қазір айтылып жүрген экономиканың қазақ тіліндегі мағанасын айтқан.

    Ескерту: жоғарыда аталған кітаптан үзінді.

  14. Шыңғысханның өзекті толғаған өсиеттері
    ****************************************

    – «Зақан» жазсаң, «зарап» ішпе!
    «Құлқы тұғыр» ұстасаң,
    Құлыңа шарап ішкізбе!
    Ілім – Гауһар! Көздің қарашығындай,
    Құзғын нәсілге бұйырмас!
    Алты Алаш – алтын арна!
    Тартсаң теңізге айналар таусылмас!
    Діннің имандысын алдым!
    Сұлудың «Үржандысын» алдым!
    Баһадүрлерімнің қаһарымен қазан қайнаттым!
    «Батысқа» «Сары Оғландай» билік жүргіздім!
    «Түстік» түбімен бағынды!
    «Шығысымда» ұлыйтын бөрі жоқ!
    Өкпем бауыр болды, жүрегім ауыр болды.
    Жүрген жолымды Көк Тәңірі өзі қолдады!
    Мен туылмай жатып «Тұман» болды…
    Туған соң «Сабулай Ұран» болды,
    Төрт аяқты жылан болды»!
    Аузы Айдаһардың азуын қағып,
    «Аққа» басын игіздім,
    Айбаты Арыстанның, басын жерге тигіздім!
    Данышпанды жылатқанды кебісін көрсетіп он сүйгіздім!
    Анасын жылатқанды мойынына құрым кигіздім,
    Отқа жақтым, күлін қарғаның ұясына салдым!
    Ұл – тарақты азаптағандарды
    «Кербала шөліне» жыйғыздым,
    Бір көгенге сыйғыздым!
    Шөлден өтсе ғұмыры дедім,
    Өлсе «Ғайыптың» әмірі дедім!
    Екі жол алдым: «Әділдік» пен «Имандық»!
    «Екі жар» алдым, бір рет туылдым!
    Жеті рет өлімнен оралдым!
    «Тексіз азғындар» дұшпаным!
    Тектілерден Нәр алдым!
    Қаһарлы келсе «У» алдым!
    Жолағы «Күрең» ту алдым!
    Білегі жуанның бергені жолда қалады,
    Аузы дуалының бергені төбеге шығарады!
    Түсіндірме:
    «Шараһаты» – деген сөз Керегеней Сабулайұлы Шыңғыс төре құрсақ Қаһанның өсиеттері деген текті ұғым. «Имандылық» пен «Әділдікті» ту етіп биік көтерген, аузынан жаман сөз шықпаған, шешендік пен ілтипаттылықтың, көрегендіктің Ұлы Бабалар Өсиетінінің мәртебесін биік ұстаған, шежірені терең білген Шашты тұғырлы Үрқазы Биді ұстаз санаған Тұғырыл Торы Ханды Шыңғысхан «Ұлы білекті» – деп жазады. «Зақан» – жарғы, заң – деген сөз. «Зарап» – ежелгі Сақ тілінен қазіргі қазақ тіліне аударғанда «уағда, ант» – деген ұғым. «Құлқы тұғыр» – бұл ұғым: «құл ұстасаң, құлыңа шарап ішкізбе басыңа секіреді» – дегені. «Сары Оғландай» – «341 Қағанат Ел қарап тұрған Тұран патшасы (орталығы Тараз шаҺары) Сары Оғлан Қарақандай «Төртқұбылаға» билік жүргіздім!» – дегені. «Кербала шөліне» – сатқын билеушілердің біліксіз, дүниеқоңыздығынан тексіз парсы-дирхемдер мен араб шейхтары құлдыққа салып азаптаған Алты Алаштан тарағандарды құлдықтан азат етіп, осы іске мұрындық болғандарды тәубасына келгенше Кербала шөлінде ұстайды. «Екі жар» алдым – Шыңғысханның Игілік, Гүлбаршын атты екі әйелі болған. Осы екі әйелінің 4 қызметшісіне қарайтын 500 күңі болған. «Тұман» болды – Шыңғысхан дүниеге келер алдында 63 қағанат қарап тұрған Тұран Елінің астанасы Отырар тағына бұрынғы билеуші Гүрхан Сауран Әл Қайыр Данышпанның орнына оның жиені Сом Тайжал Ғамсар Ғайыпхан отырып, оның айналасына Тұран Елінің күшін ғаламды бағындырып, басқаның жерін, байлығын иеленбек болған парсы-дирхемдер мен исламды түрлі ағымдарға бөліп, енді жаңадан жаулап алған жерлерге дінді күшпен таратпақ ниетпен «Жихад» жариялаған араб шейхтарының арнайы жіберген адамдары, алыс шетелден келген кеңесшілер қаптап, жиналып бірбеткей мақтау сүйер Гүрханның басын айналдырып: «Сен ғалам патшасысың, саған жетер патша жоқ!» – деп азғырады. Енді Сом Тайжалдың арманы «Киелі құпия құдықтарға тығылып тасталған» Алаш Жал Қаһан мен Қазақ Зор Қаһандардың киген Алқазы Шәрмүзір Һарона болды. Ақыры бұл ісі де оңға басып, киелі құдық аталған Һарона сақталған жер асты құпия қоймаларындағы бірнеше тонналық тас сандықтарды 400 түйемен тартып алып келеді. Хадүр Гүрхан атанады. Һаронаны алып келген 450 азаматты о дүниеге аттандырады. Қарсы пікір айтқандар түн ішінде жоқ болып кетіп жатады. Осыдан кейін Отырар шаһарынан қашып Тұғырыл Торы Ханды паналайтындардың саны күрт көбейеді.
    Ал мұның есесіне түстіктен Хадүр Гүрханды құрмет тұтып таң қалған патша, бекзадалар үлкен силық алып Отырар шаһарына ағыла бастайды. Алқазы Шәрмүзір Һаронаны Алаша Қаһан, Қазақ Қаһаннан басқа ешкім кимеген, және бұл киелі бас киім саналған, алуға, пайдалануға қатаң тиым салынған. Оны орнынан қозғаған елде қантөгіс, соғыс тоқтамайды деген қаһарлы Өсиет болған.
    Жер бетінде бұл Һаронаны Сом Тайжал Ғамсар Ғайыпхан киіп: «Мен Жұмыр Жаһанның Хадүр Гүрханымын!» – деп жар салады. 400 мың әскер жинап бүкіл оңтүстікті Үнді мұхитына дейінгі жерлерді жаулап алады, жаһандық соғыс туындайды. Енді Батыс елдерін жауламаққа дайындық күшейіп, соғыс дабылы жиі қағыла бастайды. «Сабулай Ұранды» – бұл азамат Баһарүм Керегеней Сабулай – 212 Далашыдан тұратын Керей қағанаттар бірлестігінің Бас Билеушісі Тұғырыл Торы Ханның Отырардағы Гүрхан жанындағы өкілі, әрі Тұран Елінің жаңа Гүрханы Сом Тайжалдың алтыншы уәзір-кеңесшісі болған. Тараз шаһарында дүниеге келеді. Жаһандық соғысқа қарсы пікір білдірген Сабулай Баһарумды Ғамсар Ғайыпхан бір түнде бала-шағасымен қоса қырып жібереді. Тек қана түскеніне 29 күн болған үшінші әйелі Шыңғысханның анасы Қоңырат Елінде Балқарайдан тарайтын Белшерек Қағанатында «Далашы» атағы бар дәулетті Құндас Бақтулидің қызын өте сұлу болғасын, әрі артында ерген баласы жоқ, өлтіруге қимай тірі қалдырады. Бірақ Сабулай Баһарумнан ішінде тамшы қалғанын білмейді. Азан шақырып қойған аты Құрныз Айхон. Қаншама қуғында жүрсе де өлмей, оның үстіне Тәмуршынды жетілдіріп осындай дәрежеге көтерген бұл Анаға Ұлы Тұран мемлекетінің Қағанатбасылары: «Өлүн Сұйнық» – деген ат береді. Бұл сөздің мағанасы «Өлмейтін ана – Өлмейтін ұл туған!» – деген текті ұғым. Ғамсар Ғайыпханның Сарайында Харлуқ шенінде қызмет атқаратын Дерпі Қыпшақ Бахтишор Бизон бұл жас сұлуды Гүрханға қайта-қайта жалынып, өзіне әйелдікке сұрайды. Гүрхан қимаса да амалсыз келіседі. Құрныз Айхон айы-күні жеткенде Отырар шаһарынан шығып кетіп, таң қараңғысы сейіле бастағанда дүниеге ұл бала әкеледі. Сонда Құрныз Айхон көкке қарағанда «Тәмуршын» – деп аталатын құйрықты жұлдызды көріп: «О Ұлы Жаратушым! Ұлыма қайсар-қайтпас, мұқалмас жігер бере гөр!» – деп тілеп, ұлының атын Тәмуршын қояды. Тәмуршын 5 жасқа келгенде Отырарда мектепке барады. Оның артынан дүниеге тағы да төрт ұл бала келеді. Тәмуршын 11 жасқа келгенде Сабулайдың орнына уәзір болған Бахтишор Бизон Ғамсар Ғайыпханның саясатының бәрін түсінеді. Тәмуршынның өзінің баласы емес екенін де біледі. Оның айналасына да қара бұлттың қоюлана бастағанын сезіп, бір түнде әйелін бес баласымен алып, «Оғыз Қоршылық» қағанатына қашып кетеді. (Бұл қағанаттың орталығы Тұзкент шаһары болған. Сол замандарда Кәсіп теңізінің кіндігі ашылып кетіп қазіргі Арал теңізі пайда болып, Тұзкент шаһары судың астында қалған). Гүрханның аңдып жүрген құпия баскесерлері Тәмуршын 17 – ге келгенде өгей әкесі Бахтишор Бизонды іздеп тауып, өлтіріп кетеді. Бірақ алдын-ала өгей әкесі Тәмуршынға барлық шындықты айтып, қиын-қыстау жағдай туса Керей Ордасының Бас Билеушісі Тұғырыл Торы Ханға баруды табыстап кетеді. Зор қиыншылақтарды басынан өткізіп, анасы мен бауырларымен бірге Торы Ханмен табысады. Мұнда болашақ Қаһанның жаңа өмір жолдары басталады. Торы Хан жас Тәмуршынды әскери өнерге баулып, алымдарды қосып жан-жақты тәрбиелеп, ілім-білім үйретеді. Жасы 18–ге келгенде «Ноян» дәрежесіне көтеріледі. 22 жасқа келгенде «Баһадүр» шенін иеленеді. Ұлы алымдардан сабақ алып, осы 5 жылда 11 тілді үйреніп, мемлекет басқару істерін де меңгереді. Торы Хан жан-жақты дайындап, сыннан өткізіп болғасын Тәмуршын 24 жасқа келгенде, былай дейді: «Мен әбден қартайдым, Тұран Елін мына бүліншіліктен, жатжерліктерден, парсы – дирхемдерден құтқарып, Жаһандық тәртіпті жолға қоятын да сенсің! Ол үшін биліктен халқымызға қасірет әкелген мына Ғамсар Ғайыпханды тақтан босату керек. Ол оңай емес. Сен оның сеніміне кіруің керек. Ғайыпханда сен туралы шүба болмас үшін екеуміз ғана білеміз, әскерді бөліп алып соғысамыз. Мен сол соғыста жекпе-жекте өлуім керек!» – деп, алдағы істер туралы ішкі Сарайына Тәмуршынды кіргізіп, екеуі ұзақ мәслихат құрады. (Бұл уақиғалар жайлы алдыңғы тарауларда толығымен жазылды). Тәмуршын 24 жасында Торы Ханның орнына таққа отырып, Торы Ханның айтқан кеңестері бойынша екі айдан соң бүкіл Тұран Еліндегі билікті парсы – дирхемдер дендеп тастаған Отырарды азат етуді бастайды. Қара халық диханшылар Тәмуршынды жақтайды. Алайда жарылғыш оқ пен отпен ұратын қарулармен Ғамсар Ғайыпхан алты ай қорғанады. Негізгі 250 мың қолы Батысты бағындыруға кеткен, қалған Тұран Елінің әскерлерінің біразы Тәмуршын жағына шыққасын, сақылдаған сары аязда Отырар беріледі. Тәмуршын бұл соғыста 16 қағанаттың біріккен 360 мың әскерлерінен тұратын армиясының 100 мың адамынан айырылады. Торы Хан алдын-ала айтқандай Тәмуршын Тұран Елі тағына отырғасын ғаламдағы патшалар мен шахтар елжамбыларын арқалап келіп, оған бас иіп мойындайды. Енді Тәмуршын Жаһандық соғыстың тууына себепші болған, парсы-дирхемдерге қарсы «Сүммәр» соғысын жариялайды. Бұл сөздің мағанасы Сақ тілінен аударғанда: «Жер бетіндегі қанды қол, қатыгез билеушілерді құртып, олардың жатып ішер, арамтамақ ұрпақтарынан тазарту!» – деген ұғым. Алғашқы әрекеті, Ғамсар Ғайыпханның айналасында жүріп, оны азғырып Қоңыраттың асқан сұлу 90 қызын алып, оларға «Наз Мүслима» – деп ат берген шейхтарды, олардың 90 әйелдерімен қоса өлім жазасына кеседі. Бұлардың ұрпақтарын Тәмуршынның анасы бір, әкесі бөлек төрт бауырлары араша түсіп, аман алып қалады. Тәмуршын бұларды жинап:
    – Сендерде енді ұран да, ру да, билік те жоқ! Ендігі білетіндерің мешіт пен медресе! Бойларыңа иман жинаңдар! Атақты алым, ғұлама Меккеден келген Сәкүм Солай Сунақтың кітаптарын, ілімдерін оқисыңдар, үйренесіңдер! – деп бәрін «Сығанақ» қаласына атандырады. Ол замандарда Сығанақ қаласының айналасын терең су қоршап жатқан. «Сығанақ» – деген сөз ескі Қыпшақ тілінен аударғанда: «су ортасында адамды ешқайда шығармай ұстайтын түрмелі орын» – деген ұғымды білдірген. Жалпы Қазақ Даласында осындай 17 «Сығанақ» болған. Бұл «Сығанақтарда» қылмыс жасаған адамдарды үкім шыққанша ұстаған. «Сығанақтар» жазаланатын қылмыскерлердің қылмыстарының ауырлығына орай 3 – ке бөлінген. 1) «Кеш батым» – деп аталған. Мұнда 3-4 ай ұстап, кешірім берген. 2) «Өзқал» – деп аталған «Сығанаққа» түскендер үрім – бұтағымен қоса құлға айналған. 3) «Қантер» – деп аталған «Сығанаққа» түскендер өлім жазасына кесілген. Бұл Сығанақ қаласына барғандарға «Кешбатым» шартымен кешірім беріледі. Бұлардың ұрпақтары кейін «Сунақтар» аталып, дін таратып, имандылық жолын ұстайды. Имамдар мен оқымыстылар көп шыққан.
    Тәмуршын ғаламдық тәртіпті қалпына келтіргесін 37 жасқа келгенде Ұлытауда 63 Қағанат Басылары мен Қазақ Тектілері жиналып, боз биенің сүтіне шомылдырып, ақ киізге салып Қаһан сайлайды. Басына қымбат бағалы асыл тастармен өрнектеліп, таза алтыннан жасалған, іші жолбарыстың сырттанының терісімен тысталып тігілген «Гүлзәл Машқұрат», яғни ежелгі Сақ тілінен аударғанда «Қаһарлы қалпақ» – деп аталған тәж кигізіліп, «Шыңғыс Қаһан» – деген атпен тарихқа енеді.
    «Тектілерден Нәр» алдым – деген сөздің Торы Ханның айналасына жиналған Ұлы Тектілерден үйрендім дегені. Шыңғысхан анасын «Айхо» – деп атаған. Шыңғысханды – балалары «Биху» – деп атаған.
    «Далашы» – бұл сөз кейін Сұлтанға айналған. «Биху» – билеушілердің, билеушісі деген ұғым. «Уәскей» – сөзі, ежелгі Сақ тілінен аударғанда: «анасының құрсағында жатқанда әкесінен айырылған», яғни әкесіз жетім дегені. Бұл ұғымды, орыс және батыстың басылымдарында осы сөздің мағанасына жете үңілмеген зерттеушілер Шыңғысханның әкесінің аты «Усүгей» – деп қателеседі. «Екей» – сөзі: «өгей, яғни анасыз жетім» – деген ұғым.

    Ілесбек Байжанов. «Отырар, Қарақоңыр, Бестораңғыл, Қостүйінім…» кітабынан үзінді. «Азият» баспасы. 2011 жыл. Электронды нұсқасы: http://www.Kazneb.kz

  15. қазақтың тарихшылары әлі де жалтақтауын билік айт дегенді айтуын қашан доғарады.оның ұрпақтарында монғолша есім жоқ болса да монғол дейді.қазақ қазақты жамандап жатса тұра беруі руының тарихы арыдан басталатын болған соң ба.рулық тарих пен қазақ тарихын бір-бірінен бөлек емес екенін ұрпақ санасына сіңіру кемшін.

  16. «Қазір қытайдан бастап, тіпті орыстарға дейін Алтын Орданың ізбасарымыз деп жатқанда, біз, Шыңғысханның нағыз тікелей ұрпақтары – қазақтар ғана баяғы құлдық мінезбен, ескі кеңестік жалған идеология сарқыншағымен Шыңғысханды жауыз көріп, жат санап, әлем Мыңжылдықтың тұлғасы деп мойындаған ханымыздан да, қанымыздан… да бас тартудамыз. Енді ашық жариялайтын кез келді: Шыңғысхан біздің бабамыз, біз түркілер, оның ішінде қазақтар Шыңғысханның ұрпақтарымыз!»-осы сөзді қашан естимін -деп ойлайтынмын.Иә,Алла шынымен енді осы сөзді бүкіл Әлемге мойындату керек!Және оны Іспен – Қазақстанды барлық жағынан күшейту керек-бар байлығын тек өз отандастарымыз кәдеге жаратсын.Енді шет елге асыруды доғару керек!Жастарға пайызсыз ссуда берсін, Жұмыс орнын ашсын,

  17. Шыңғысханды «жауыз» деп жар салып далақтап жүрген топтың жетекшісі – Мұхтар Шаханов емес пе? Ол мырза мына дерекке не дер екен?

  18. Әлемді билеген Шыңғысханның ұрпақтары екенін сезінсе, қазақтардың жалы биіктеп, атқа мініп шыға келеді деп сескенген Европа мен Ресей идеологиясының жасаған жалған тарихы – тұбі түркі Шыңғысханды әдейі моңғол етіп келді. Олардың бұл әрекеті әліге дейін өз жемісін беріп келеді. Дамыған елдің бәрін, әсіресе өзіміз отары болған орысты зор тұтып, өзімізді қор тұтумен келеміз. Кезінде алтын Орда дәуірінде Шығыс Еуропа мен Ресейді өзіміз отарлағанымызды ресейлік-кеңестік идеология жадымыздан жоғалтып жіберуге шақ қалды… Қазір қытайдан бастап, тіпті орыстарға дейін Алтын Орданың ізбасарымыз деп жатқанда, біз, Шыңғысханның нағыз тікелей ұрпақтары – қазақтар ғана баяғы құлдық мінезбен, ескі кеңестік жалған идеология сарқыншағымен Шыңғысханды жауыз көріп, жат санап, әлем Мыңжылдықтың тұлғасы деп мойындаған ханымыздан да, қанымыздан… да бас тартудамыз. Енді ашық жариялайтын кез келді: Шыңғысхан біздің бабамыз, біз түркілер, оның ішінде қазақтар Шыңғысханның ұрпақтарымыз!

  19. УЧЕНЫЕ УТОЧНИЛИ НАЦИОНАЛЬНОСТЬ ЧИНГИСХАНА
    Украинский историк Владимир Белинский заявил, что Чингисхан был казахом, а не монголом.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз