90 мың теңге тұратын "Қарақат" кімге керек?!.
2014 ж. 25 желтоқсан
7934
7
Танымал әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болмановтың идеясымен шығарылған "Бал-бала" ойыншықтарының бағасы қолжетімсіз.
Әсіресе, өзінің сүйікті жары Қарақатқа арнап шығарған қуыршақты қалтасы жұқа адамдар сатып ала алмауы мүмкін. Себебі, "Қарақат" қуыршағы 90 мың теңге тұрады. "Бал-баланың" ресми сайтында қуыршақтың бағасы осылай көрсетілген.
Мұны әлеуметтік желі пайдаланушылары талқылап, бұл бағаның қуыршақ үшін тым қымбат екенін айтқан.
"Қарақат" қуыршағы сәбимен сөйлесіп, билеп, "Айналайын" әнін аяғына дейін орындайды, киімдері қолдан тігілген, сырға мен шаш бауы күмістен арнайы жасалған, қолда ұстағанға жағымды, тамаша көңіл-күй сыйлайтын бағалы сыйлық.
Қарақаттан бөлек, Ақылбек Жеменейдің орындауыдағы "Қызыл өрік" әнін билеп орындайтын ойыншық та бар. Алайда, Ақылбек Қарақатқа қарағанда әлдеқайда арзан – 6000 теңге.
