Өтіп бара жатқан жылдың ең үздік селфилері (фото)

0
2599

Ғаламторда атақты тұлғалармен, әсіресе, ірі саясаткерлермен селфиге түсу сәнге айналды. Биліктің тізгінін қолында ұстап тұрған ірі саясаткерлер де өздері кейде селфи сынды фотосурет жанрынан алшақ емес – олар да өз-өздерін суретке түсіруге құмар.

Ағылшынның «Selfie» яғни өзін немесе өз-өзін суретке түсіруі бүгінде, әсіресе, жұлдыздар арасында кеңінен тарады. Кей азаматтар саяси тұлғалармен өзін суретке түсіру арқылы танымалдығын арттырып жатқан жайы да бар.

Бір ай бұрын ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы және төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен селфиге түскен болатын.

Өтіп бара жатқан жылдың ең үздік селфилері (фото)

Өтіп бара жатқан жылдың ең үздік селфилері (фото)

Бұл сурет ел арасында 2014 жылдың үздік селфиі де атанып кетті.

Өтіп бара жатқан жылдың ең үздік селфилері (фото)

Ал әнші Бейбіт Кушкалиев еліміздің бас муфтиі  Ержан қажы Малғажарұлымен суретке түсті. Бұрынғы «KZ» тобының әншісі әлеуметтік желідегі парақшасына осы суретті сала отырып, жылдың үздік селфилерінің қатарын көбейте түскенін айтқан.
Өтіп бара жатқан жылдың ең үздік селфилері (фото)

Жас әнші  «Х-faсtor» жобасы арқылы халыққа танылған Рүстем Жүгінісов саясаткер Дариға Назарбаевамен селфиге түсті. Ол да өзінің бұл суретін әлеуметтік желідегі парақшасына салғанда бұқаралық ақпарат құралдары «Жылдың үздік селфиі-2″ пайда болды», – деп жазды.

Өтіп бара жатқан жылдың ең үздік селфилері (фото)

Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін Малайзия премьер-министрі Наджиб Тун Разакпен селфиге түскен еді. Салиқалы саясаткерлер түскен бұл селфи де елді елең еткізбей қоймады.

Өтіп бара жатқан жылдың ең үздік селфилері (фото)

Ал Астана қаласының бұрынғы әкімі Иманғали Тасмағанбетов әлі шахар билігінің тізгінін қолында ұстап тұрған кезінде журналистермен түскен селфиі Қазнетті біраз шулатқан болатын.

Еске сала кетсек, бұл селфи сенбілік кезінде жасалған болатын.
Өтіп бара жатқан жылдың ең үздік селфилері (фото)

Бұған дейін Қазан айында Ресейдің рэп-әншісі Тимати Ресей президенті Владимир Путин және елдің премьер-министрі Дмитрий Медведевпен селфи жасаған болатын. Бұл – Ресейдегі жыл селфиі атанды.

Сірә, ТМД аумағында саясаткерлер арасында селфиге деген «сәнді» Ресейдің үкімет басшысы Дмитрий Медведев енгізген болатын. Ол осылайша өз оқырмандарының  саны 400 000-ға жеткенін атап өтпек болған.

Өтіп бара жатқан жылдың ең үздік селфилері (фото)

Өтіп бара жатқан жылдың ең үздік селфилері (фото)

Ал мына селфиді ғаламтор мен түрлі әлеуметтік желілердің жұлдызы – Шешенстан президенті Рамзан Қадыров – жасаған болатын. Назар аударыңыздар, Нальчикте кездесу барысында жасалған селфиге Ресей президенті Владимир Путиннің портреті де түсіп қалған.
Өтіп бара жатқан жылдың ең үздік селфилері (фото)

Ресей басылымдары танымал әнші Николай Басковтың премьер-министр Дмитрий Медведевпен түскен селфиін жарыса жазды. Айтуларынша әнші осы суретті әлеуметтік желідегі парақшасына салысымен-ақ мыңдаған азаматтар тамашалап, лайк басқанын айтады.

Өтіп бара жатқан жылдың ең үздік селфилері (фото)
Фото: kommersant.ru

Ал АҚШ президенті Барак Обаманың бейсболшы Дэвид Ортизбен түскен суреті Ақ үй әкімшілігінің шамына тиген болатын. Осыдан кейін президент көмекшілері ел басшысымен суретке түсуге де тыйым салмақ болды.

Өтіп бара жатқан жылдың ең үздік селфилері (фото)

Ал Барак Обаманың Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон және Дания үкімет басшысы Хелле-Торнинг Шмиттпен тура Нельсон Манделамен қоштасу салтанатында жасаған селфиі күллі ғаламторды дүркіретіп, адамдардың ашуын туғызған болатын.

Өтіп бара жатқан жылдың ең үздік селфилері (фото)

Ал мына пысық жасөспірім Елизавета ІІ-мен, жалпы ақсүйек өкілімен, тұңғыш рет селфиге түскен адам ретінде тарихта қалды. Жас бала салтанатты шаралардың бірінде аяқ астынан атып шығып, суретке түскен. Ханшайымның өзі не болғанын түсінбей қалған деседі.

Ал дәл осы елдің үкімет басшысы Дэвид Кэмерон да халыққа жақындығын селфи арқылы көрсете білді.

Өтіп бара жатқан жылдың ең үздік селфилері (фото)

Германия канцлері Ангела Меркель наурыз айында орта мектеп оқушыларымен бірге селфиге түсті.

Өтіп бара жатқан жылдың ең үздік селфилері (фото)

Франсуа Олланд – Франция президенті – 2014 жылдың ақпан айында АҚШ-қа жасаған іс-сапары кезінде.

Өтіп бара жатқан жылдың ең үздік селфилері (фото)

Әзірбайжан басшысы Ильхам Алиев те өз фотоальбомын Нидерланды корольдігінің елшілерімен бірге жасаған селфиімен бірге толықтырды.
Өтіп бара жатқан жылдың ең үздік селфилері (фото)

Рим папасы да селфиге түсу үдерісінен тыс қалмады. Ватиканға келген саяхатшылармен бірге Әулие Петр шіркеуінде.

Өтіп бара жатқан жылдың ең үздік селфилері (фото)

Мына селфиді АҚШ-тың адуынды мемлекеттік хатшысы Джон Керри ақпан айында студенттермен кездесуі кезінде жасаған.
Өтіп бара жатқан жылдың ең үздік селфилері (фото)

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Голливуд жұлдызы Мэрил Стриппен бірге.

Өтіп бара жатқан жылдың ең үздік селфилері (фото)Өтіп бара жатқан жылдың ең үздік селфилері (фото)

Ал спортшы Денис Тен Монако ханшайымы Александра Ганноверскаямен селфиге түсіп көпшіліктен лайк жинады. Мұны да түрлі бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып жатты.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз