Шығыстағы конференция
2014 ж. 21 желтоқсан
1371
0
Желтоқсанның 6 күні Өскемен қаласында «Ақ жол» ҚДП Шығыс Қазақстан облыстық филиалының конференциясы өтті. Конференцияға «Ақ жол» партиясының хатшысы Әбдіразақ Сұлтанов қатысты. Жиынға жергілікті 100 делегат шақырылып, оның 75- қатысты. «Ақ жол» партиясының жаңа саяси бағдарламасының жобасына дауыс беру барысында 75 адамнан 70-і дауыс беріп, 3 адам қарсы болса, 2 адам қалыс қалды.
Жиында басты көңіл бөлген 3 сұрақ қаралды. Атап көрсетер болсақ:
- «Ақ жол» партиясының ШҚО филиалының атқарылған бір жылдық есебі мен мәселелері
- «Ақ жол» партиясының жаңа саяси бағдарламасының жобасын қабылдау
- «Ақ жол» партиясының ШҚО филиалының ағымдағы мәселелері
Нахдубай Есенбол,
Шығыс Қазақстан облысы