Жексенбі күні сауда орындарының жұмыс жасауына тыйым салынады

Венгрияда жексенбі күні сауда орындарының жұмыс жасауына тыйым салынады, бұл - адамдар уақытын өз отбасымен өткізу үшін жасалып отырған шара, деп жазады шетелдік БАҚ.

Венгрияда жексенбі күні сауда орындарының жұмыс жасауына тыйым салынады Венгрия парламенті дүкендер желісінің жексенбі жұмыс жасауына тыйым салу туралы заң жобасын бекітті. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан адамдар демалыс күнгі уақытын дүкен аралаумен емес отбасының қасында өткізген абзал деп есептейді. Статистика бойынша, бұл елде әр бесінші тұрғын уақытының көбін дүкен аралаумен жұмсайды екен. Бекітілген заң жобасына сауда нүктелерінің басшылары мен қызметкерлері, тіпті тұтынушылардың өзі қарсы шығып отыр. Ал сарапшылар бұл дүкендердегі кірістің азаюына, сондай-ақ жұмыскерлерді де қысқартуға алып келетінін айтуда. Шамамен 20 мың адам жұмыссыз қалатын көрінеді. Ал Венгрияда жұмыссыздар деңгейі онсыз да жоғары - 7,1 пайыз. Жұмыссыз жүргендердің көбісі 25 жасқа дейінгі жастар.

Источник: ИА "Казинформ"